» » » ЕЛДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ – ЖОЛДАУМЕН ҰШТАСАДЫ

ЕЛДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ – ЖОЛДАУМЕН ҰШТАСАДЫ

Жақында ауданымыздың орталық кітапханасында «Жаңғырудың Жолдауы» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов пен аудандық маслихат депутаты Күлжауһар Раева сөз сөйлеп, жаңа Жолдаудың елімізді саяси - экономикалық, әлеуметтік және рухани 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екенін айтып, кеңінен тоқталды.
«Семей - Невада» қозғалысының жетекшісі Әбдуәли Шатанов: - Жаңа Жолдау қоғам дамуының шамшырағы сияқты. Мемлекет басшысы Жолдауын осындай қуаныштармен қарсы алып отырмыз. Білім, ғылым дамыса ел экономикасы да қарқынды дамып, Қазақстан озық елдер қатарына қосылатынына сенімдіміз. Жаңа Жолдау біз үшін, болашақ үшін маңызды, – деді. Ауған соғысының ардагерлерінің төрағасы Асқар Ерманов: - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев заманауи даму жолдарын ескеруі, қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударғаны, Елбасы халқының бар қадір – қасиетін бойына жинаған тарихи тұлға екендігін тағы бір дәлелдеді – деп өз пікірін ортаға салды. «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Айдынбек Скендіров: - Президенттің биылғы жылғы дәстүрлі Жолдауы жаңалықтарға толы болды. Жолдаудағы он бағыттың жетеуі жастарға арналғаны қуантады. Жастардың үш тілді білуі жаһандық жаңашылдыққа жол ашып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Тіл білген адам еш уақытта қор болмайды, әлеуметтік жағдайы жақсарған, заман талабына лайықталған өз елінің патриоты болады. Мен бұл жаңа Жолдауды қолдаймын – деп өз ойын ортаға салды.
Іс – шара соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов барлық атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілеп, Жолдауда қамтылған өзекті мәселелер Қазақ елінің жарқын болашағы үшін жасалынған қадамдар екенін тілге тиек етті.
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА
24 қаңтар 2018 ж. 1 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930