» » Мәдениет – елдің мәйегі

Мәдениет – елдің мәйегі

Ақмарал КІШКЕНТАЕВА,
Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері:

– Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін аянбай қызмет көрсететін  мәдениет саласы. Құлақтан кіріп бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана, музей бәрі де осы мәдениет ұғымы аясына бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Қазақылығы бұзылмаған біздің ауданның мәдениет саласы бүгінде руханияттың ошағына айналған. Баулыған өнерпаздарымыз барған байқау мен сайыстан жүлдесіз қайтқан емес. Елбасының ұстанған  саясатын жүзеге асыру бағытында, ауданда ауыл  мәдениетін көтеруде елеулі  жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы – елдегі бірқатар түйткілді мәселенің шешілуіне жол ашпақ. Жолдауда мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет мамандарына өзге салалармен тең дәрежеде көңіл бөлетін болады.
– Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметіне қатысты мәселе, – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап, Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтіп, өзге саламен тең дәрежеде міндетті әлеуметтік жеңілдіктер беру керегін жеткізді. Біз  Президенттің бұл шешіміне ұжым болып қуандық.  
Қай  жерде де  елдің бет-бейнесі оның  мәдениеті мен  экономикасына байланысты. Олай  болса, мәдениетті елдің  болашағы да зор болатыны  белгілі. 
09 қыркүйек 2019 ж. 1 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031