» » Алло, «104»

Алло, «104»

Соңғы жылдары газ қондырғысын орнатқан көліктер саны артты. Сұранысқа сай қазір кенттің өзінде 10-ға жуық газ құю бекеті жұмыс істейді. Алайда мұндай бекеттер қызметі босаған баллон мен көліктің багын толтырып берумен шектеледі.
Егер тұрмыстық жаңа газ плитаны іске қосу, қандай да бір ақау пайда болып, баллон ауыстыру, жөндеу қажет жағдайда «Байқоңыргаз» ЖШС қызметіне жүгінеміз. Жолмырза Райсов басшылық ететін мекемеде жүргізуші-таратушы, таратылуын бақылаушы, газ жөндеуші, құрушыдан құралған 12 маман қызмет етеді. Жарық пен сусыз өмір сүре алмайтынымыз тәрізді бұрынғыдай ошаққа қазан аспайтын кезеңде газсыз күніміз жоқ. Көлігіңіз болса 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істейтін кез келген жерден баллон толтырып алуға мүмкіндік бар. «104» телефонына қоңырау шалу арқылы тапсырыс беруге де болады. Қыркүйекте мұнай және газ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланады. Осы айтулы күннің қарсаңында аталған мекеме ұжымымен кездесіп, жұмысымен танысуға мүмкіндік туды. Телефон тұтқасында отырған Төлеген Исанов тапсырыс түскенін айтып, көлік жүргізушінің бірін аталған мекен-жайға жіберді. Сөзге сараңдау салмақты маман мекемеде 2006 жылдан бері табанды еңбек етіп келеді. Бақылаушы-шебер болғандықтан қызметіне қырағы. Баллондарды мұқият тексеріп, қабылдайды. Кесте бойынша 3 көлік ертемен ауылды аралауға кетеді. Соларды уақытында жөнелту осы кісінің жауапкершілігінде. Көгілдір отынға шалғай ауылдағылардың да қолы жетеді. Жігіттер газ баллонын қай үйдің көптен бері алмағанын, қай үйдікі жиі таусылатынын ойша топшылай береді. Жиі барып, қажетін қанағаттандырғаны үшін тұрғындардан тек алғыс арқалайды. Бір көлік күніне 50-60 баллон өткізеді. Мекеме бұрандасы тозған, иіс шығатынын дер кезінде ауыстырып, жөндеп отырады. Қоймадағы 700 кіші, 150 үлкен баллон халыққа жеткілікті.
Серіктестікте қауіпсіздік шарасын қатаң қадағалап, төтенше жағдайдың алдын алатын топ жұмыс істейді. Құ­рақ ұшып қызмет көрсететін жал­ғыз газ жөндеуші Хабибулла Наурызымбетовтің жұмысына тапсырыс көп. Елдің аузында Қабаш аталатын азаматтың өз ісіне деген тиянақтылығы мен жауапкершілігі жоғары-ақ.
– Қазіргі газ плитасы табиғи газға негізделген. Оған міндетті түрде қайта жабдықтау жұмысы жүреді. Ауылдағы техникалық тауар сататын дүкендер жаңа газ алушыға міндетті түрде осы жағдайды ескертеді. Газ – қауіпті дүние. Оған салғырт қарауға болмайды. Өзім білем деушілікпен іске қоссаң, қайғылы жағдайға душар болуың ғажап емес. Май тамғаннан, тамақ төгілгеннен газ білтесі бітеліп қалады. Шлангасы көнергенде тесіліп, газ сыртқа шығады. Редукторды дұрыс орналастырмаудан да ақау жиі кездеседі. Осындай жағдайда қоңырау шалып, үйге жиі шақыртады. Уақытылы жетіп, мүмкіндігінше тез арада жөндеп беруге тырысамын, – дейді тәжірибелі маман.
Қолы алтын Қабаштың қыз­метіне алатын жалақысы аз, дей тұрғанмен жұмысына тұтынушылар ризалықпен қарайды.
– Серіктестіктегі газ құюшылар білікті мамандар. «Жас келсе – іске» деген. Бақыт Жалғасбаев, Абзал Ешниязов, Әлиасқар Сермағамбетов сынды мамандар атына кір келтірмейді. Биылғы мерекені де табыспен қарсы алып отырмыз, – дейді Жолмырза Сартайұлы.
Ел өңірін газбен қамту – маңызды мәселе. Көшелер қазылып, қызу жұмыс жүргенін көрген халық газдың ауылы алыс емес-ау, деп қуануда. Таяу арада халық жаппай көгілдір отынға қол жеткізетін болса, тұрмыс-тіршілігіне де, қоршаған ортасына да пайдалы болар еді. Табиғи отынға толық қосылуды көздеген елімізге Елбасының жүктеген тапсырмасы одан әрі тың серпін бермек.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
10 қыркүйек 2019 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031