» » Газ баллонын пайдаланудағы қауіпсіздік

Газ баллонын пайдаланудағы қауіпсіздік


Газ. Баллон. Жарылыс. Бұл «тілсіз жау» талайлардың отбасын ойрандады-ау. Шаңырағын шайқалтты. Айдың-күннің аманында адам өмірін қиды. Естеріңізде болса, осыдан бірер жыл бұрын Белкөл кентіндегі үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, отанасы сол жерде жан тапсырды. Бұл – бір ғана дерек. Оқыс оқиғаларды тізбектей беру негізгі мақсат емес. Басты мақсат – газ баллондарынан келетін қауіптің алдын-алу.
Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 60 пайызынан астамы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ал қалған 40 пайызға жуығы әлі күнге дейін тасымалды баллон пайдаланып әлек.
Бұл көрсеткішке жаңадан пайдалануға беріліп жатқан жеке тұрғын үйлерді қосса, көлемі әлдеқайда арта түсері анық.
Күнделікті өртке қарсы қызметінің «101» және құтқару қызметінің «112» телефондарына облыс тұрғындарынан: газ баллонының құтысынан немесе түтігінен газ иісінің шығуы, тұтынушылардың газдан улануы сияқты көптеген қоңыраулар түсуде. Қоңырауды өңдеу барысында тұрғындар тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларынан сатып алғаны немесе сұйытылған газ құйғызғандығы анықталады.
Газдың «104» авариялық қызметі бұл тұтынушылар тікелей абоненті болмағандықтан, оларға қызмет көрсетпейді.
Тұрмыстық газ баллондарына рұқсаты бар  газ толтыру бекеттері мен станцияларында газ құюға, газ толтыруға болады. Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пункттері өз кезегінде: 
  1. тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
  2. толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеруге;
  3. газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тұрмыстық баллондарды тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға;
  4. тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;
  5. газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Алайда тұтынушылар өздерінің тұрмыстық газ баллондарына сұйытылған газын автогаз құю станцияларынан құйып қана қоймай, құйылған газдың көлемін нормасынан асыруды сұрайды.
Айта кету керек, тұрғындардың жеке басы мен жақындарының қауіпсіздігін сақтаудағы мәдениет деңгейінің төмендегені байқалады.
Осы жағдайлар салдарынан тұтынушылар газдың иісінен уланумен қатар, жарылыс жағдайлары да туындап, адам өліміне әкеліп соқтыруда.
Соңғы үш жыл ішінде облыс аумағында тұрмыстық газ баллондарын тұтыну барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан 13 төтенше жағдай орын алып, соның ішінде: 10 рет - газ баллонының ақауынан жалындыжарылыстар мен өрттер, 3 рет - газдан улану оқиғалары орын алып, салдарынан 3 адам қаза болып, 20 адам түрлі жарақаттармен және күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында аудан тұрғындарына сұйылтылған газ нарығында газ тарату бойынша халыққа қызмет көрсететін («Тұрангаз»; «Аралгаз»; «Байқоңыргаз» ЖШС) арнайы рұқсаты бар ұйымдарының қызметтерін пайдаланғандарыңыз абзал.

Қармақшы ауданы
 Төтенше жағдайлар бөлімінің
бас маманы Е.Назарқұлов
09 қараша 2018 ж. 1 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 293

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930