Тұрмыстық газды пайдалануда абай болыңыз!

Сондай-ақ, газ баллонының пісірілген жерінің тұтастығын көзбен шолып тексеру керек. Газ баллонына плита редукторын орнатқаннан кейін редуктор клапанын ашу қажет, сонымен бірге плитаның шүмектері жабық қалпында болуы тиіс. Осыдан кейін сабынның көпіршігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке майтүтігі жалғасқан жерде редуктордың өткізбеушілігін (герметикалығын) тексеру керек. Жалғасқан жерде саңылаулар болса, сабынды көбікте көпіршіктер пайда болады, тап осы жағдайда редуктордың жағдайын тексеру керек, баллонның тығыздағыш резеңке сақинасының тұтастығына тағы бір рет көз жеткізу қажет. Кез келген жағдайда жалғасқан жерлерде өткізушілік болғанда, газ плитасымен қолдануға тыйым салынады. Сондай-ақ, резеңке түтіктің тұтастығын көзбен шолып тексеру қажет. Редуктордың өткізбеушілігін тексеру үшін ашық отты қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Дәл осылай газ плитасындағы газ түтіктерінің өткізбеушілігін кей-кейде тексеру қажет. Газ плитасымен қолданған кезде: жалғасқан жерлердің өткізбеушілігін тексерусіз газ плитасымен қолдануға; газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз; балаларға плитамен қолдануға жол бермеңіздер; плитада жанғыш сұйықтықтарды жылытуға тыйым салынады. Егер Сіз болмай қалғанда, плитадағы от сөніп қалса, сақ болыңыз, темірпеш қақпағында тағамның қайнағандығынан газ баллоннан бөлмеге шығып кетуі мүмкін екендігін есте сақтаңыз. Бөлмеде газды-ауалы қоспа пайда болуы мүмкін, осы жағдайда кез келген от немесе ұшқын өртке әкеп соқтыруы мүмкін.
Газ баллонының тұтануы пайда болған кезде тыныштық сақтау керек және газ баллонының жарылысы тек баллонға сыртан түскен жоғары температура әсерінен ғана болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыздар. Тұтануды өшіру үшін баллонды дымқыл матамен нықтап жабу керек. Егер баллонды өшіре алмасаңдар, жанып жатқан баллонды пәтерден шығару керек және 101 телефоны бойынша өрт қызметін шақыру қажет. Тұрмыстық газды дұрыс емес пайдалану өрттерге, күйіктерге және т.б. салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін тағы бір рет естеріңізге саламыз. Өзіңізді өрттің қауіп-қатеріне душар етпеңіз! Әрдайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар! Өртке қарсы қызмет телефоны «112».
«Жосалы кенті әкімі аппараты» КММ.