Автокөліктерді пайдаланудағы қауіпсіздік

Көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі жол көлік оқиғаларының орын алуына, адам өлімі мен материалдық шығынның өсуіне себеп болады. Олардың пайдалану тиімділігін арттыру-оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Бұл техникаларды пайдалануда өрт қауіпсіздігін сақтау да өзекті мәселесінің бірі. Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеп соғады. Сондықтан олардың өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында оларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет.
Көліктерді апаттардан және өрттерден қорғау мақсатында ең алдымен бұл мақсаттағы ережелерді сақтағандарыңыз жөн. Олардың механизмдері мен тораптарының дұрыс істеуін қадағалаңыз. Акумуляторларды тура көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда қосуға тыйым салынады. Гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін, сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар. Гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар.
Автокөліктерде болған өрттерді талдау нәтижесінде өрттердің шығуының басты себебі – автокөліктердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйықталулар салдарынан болғандығы анықталды. Егер де автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалса, оны тез арада жөндеу керек.
А.Cапарғалиев,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау лейтенанты.