» » Израильде киберқауіпсіздіктің халықаралық көрмесі өтіп жатыр 

Израильде киберқауіпсіздіктің халықаралық көрмесі өтіп жатыр 

Израильде халықаралық «Сайбер-2018» көрмесі өтіп жатыр. Бүкіл әлемнен бас қосқан мамандар кибер-лаңкестікпен күресудің жолдарын талқыламақ.
21 ғасырда қарапайым компьютерлік бағдарламалар арқылы ауқымды материалдық залал тигізуге болатыны анықталды. Сол себепті ақпаратты қорғау бөлек бір индустрияға айналды. Хакерлік шабуылдан қалай қорғану керек, деректерді тиімді сақтаудың түрлері, зиянкестердің желіге кіруіне жол бермеу сынды қорғану әдістері алғаш рет халықаралық көрмеде ұсынылды. Онда тіпті Израильдің жабық әрі құпия қауіпсіздік қызметі ШАБАК-тың стенді де көпшілік назарына ұсынылған.
Эрез Крайнер, ШАБАК компьютерлік қауіпсіздік басқармасының басшысы:
- Бүгінде компьютер мен бағдарламалар барлық жерде қолданылады. Сауда орындарында немесе көлік жүргізгенде де . Әртүрлі компания мен ұйымдардың серверінде мыңдаған жеке деректер сақтаулы. Сол себепті бұл деректерді қорғау арнайы қызметтердің басты міндетіне айналған.
Бүгінде киберлаңкестік атты жаңа қылмыс түрі пайда болды. Енді жарылғыш зат орнатып, электр станцияларының күлін көкке ұшырудың қажеті жоқ. Сол станцияның жүйесін бұзып, ішінен қастандық жасауға болады, мұның салдары жарылыстан да ауыр тиетіні белгілі. Немесе, зиянкестер аурухананың компьютерлерлік желісіне кіріп, науқастардың тірлігін қамтамасыз ету жүйесін ажырата алады. Сол себепті киберқауіпсіздік тек банктердегі шоттар мен депозиттерді ғана емес, адамдардың өмірін де қорғайды.
Шломи Долев, Бен-Гурион университетінің профессоры:
- Енді адамның әлеуметтік желіге жүктеген суретінен кез-келген қажетті ақпаратты алуға болады. Тіпті киноға билет алғанда да өзіміз жайлы дерек қалдырамыз. Ал қылмыскер амалын тауып, осы дерекке ие бола алады.
Израиль бұрыннан-ақ кибер-терроризмнің қаншалықты қауіпті екенін түсінген елдің бірі. Демек мемлекет пен жеке азаматтарды түрлі қауіптен сақтау қажет. Бұл ретте киберқауіпсіздік - мемлекеттің негізгі саясатының бірі. Әскер мен арнайы қызметтер, университеттер мен банктерде компьютерлік қауіпсіздік бөлімдері бар. Олар күніне жүздеген хакерлік шабуылдардан қорғап жүр. Лаңкестер компьютер автомат, тіпті зымыраннан да қауіпті қару екенін біледі.
02 ақпан 2018 ж. 1 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031