» » ҚАЗАҚСТАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Мүмкіндігі шектеулі жандар да кәсіпқой тігінші, құрылысшы не көлік жөндеуші бола алады.
Ол үшін жұмысшы мамандықтарды оқытудың арнайы әдістемесі қажет. Қазір құзырлы министрлік пен «Кәсіпқор» холдингі осы мақсатта ауқымды жобаны қолға алды және алдағы оқу жылынан бастап 15 бағыт бойынша жаңа бағдарламалар қолданысқа енгізілмек.
Қазақстанда қазір 150 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар бар және басым бөлігі еңбекке әбден қабілетті. Ең бастысы осы мүмкіндіктерін ашып, оларға дұрыс бағыт сілтеп, арнайы оқу бағдарламасын білім жүйесіне енгізу керек. Бізде балабақша және мектеп деңгейінде барлығы бір жолға қойылған. Ал дәл мамандық таңдар кезде кейбір қиындықтар кездеседі. Білім министрлігі осы олқылықтарды жойып, барлық жағдайды халықаралық талапқа сай еткісі келеді.
Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарды колледждерде мүлде оқытпайды деуге болмайды. Кейбір білім ордаларында арнайы топтар құрылған. Өкініштісі сол, кейбірінде ғана. Өте аз. Соның салдарынан 150 мыңға жуық кембағал жанның қазір тек 10 пайызы ғана жұмысшы мамандықтарды игеріп жатыр. Ал мамандар биыл қолданысқа енетін бағдарламалар санды да, сапаны да еселей түсетініне сенімді.
Нұрғали Аршабеков, «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ басқарма төрағасы:
– Министрлік көңіл аударды. Себебі 150 мыңың 1500-ін колледжде оқытсақ. Егер бағдарламалар көп болып, колледждер дайын болса, біз оларға педагогтарды дайындайтын курстар ұйымдастырамыз. Сонымен қатар оларға арнайы оқу-әдістемелік құралдарды дайындаймыз. Сонда бұл толыққанды жүйе болайын деп тұр.
Негізі кембағал жандарды жұмысшы мамандықтарға баулу Кәрі Құрлық елдерінде жақсы дамыған. Бұған қоса АҚШ, Сингапур, Малайзия және көрші Ресейде де оған қатты көңіл бөледі. Отандық мамандар осының барлығын ескере отырып, тігінші мамандығына қатысты арнайы бағдарламаны жасап шығарды. Қазір ол пилоттық негізде сынақтан өтіп жатыр. Ал қыркүйекке дейін осындай оқу-әдістемелік жобалар саны 15-ке жету керек.
Серік Молдағалиев, Астана қаласы құрылыс-техникалық колледжінің директоры:
– Алдымен балаларды қайда жіберерімізді білмедік. Бұл балаларды жалпы қоғамға үйрету керек. Сондықтан бұл уақытында жасалған дүние деп ойлаймын. Мұны «Кәсіпқор» холдингімен бірге жұмыс істеп, осыған арнайы бағдарлама жасап, республика бойынша іске асырмақпыз.
Мүмкіндігі шектеулі жандардан кәсіпқой құрылысшы не сылақшы дайындау үшін бір ғана оқу-әдістемелік құрал жеткіліксіз. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және логопед, психолог, сурдоаудармашы сияқты мамандарды әзірлеу мәселесі бар. Қажетті техникалық жабдықтар да қажет. Отандық мамандар осының барлығын ескеріп, жобаны жүйелі түрде енгізуді жоспарлап отыр
08 қаңтар 2018 ж. 1 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031