» » Бұрын беріліп келген бірнеше жәрдемақы бір жүйеге біріктірілді

Бұрын беріліп келген бірнеше жәрдемақы бір жүйеге біріктірілді

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа сипатқа ие болды.
Бұрын беріліп келген бірнеше жәрдемақы бір жүйеге біріктірілді. Жоба шартты және шартсыз ақшалай көмекке бөлінген. Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ отбасыларына тағайындалады. Ал шартты қаржылай жәрдем отбасында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларына беріледі.
Астаналық Клавдия Козлованың еңбек өтілі – 40 жыл. Ол саналы ғұмырын дәрігер болуға арнаған. 2014 жылы кейуана буын ауруына байланысты II топтағы мүгедек деп танылған. Жаңа жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының өсетіні туралы хабарды қуана қабылдады. Өзі секілді талай мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңашылдық айтарлықтай көмек болады дейді.
Клавдия Козлова, қала тұрғыны:
– Иә, мен мүгедектерге берілетін жәрдемақының өсетінін естідім. Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандарға өте үлкен көмек. Біздің Елбасы бірінші кезекте қарапайым халықтың, соның ішінде көмекке мұқтаж жандардың жағдайына қашанда алаңдайды. Әрине, біздің алғысымыз шексіз.
Жәрдемақы мөлшері орта есеппен 27 пайызға көбейеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Ғазиза Иманғали,ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің бас сарапшысы:
– Мысал үшін I топтағы мүгедектер 2017 жылы 43 мың 538 теңге алатын болса, жаңа жылдан бастап 54 мың 306 теңге алатын болады. Екінші топтағы мүгедектер 33 мың 999 теңге алатын болса, енді 43 мың 275 теңге алатын болады. Сәйкесінше IIIтоптағы мүгедектер 23 мың 97 теңге алатын болса, 29 мың 416 теңге алатын болады.
Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы түрлерін біріктіре отырып, оңтайландыруды және мөлшерін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл атаулы әлеуметтік көмек – кәмелетке жасы толмаған балалары бар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы. Ал соңғысы бойынша 2018 жылға дейін жәрдемақы алып келгендер үшін өзгеріс болмайды.
Жәрдемақы мөлшерін көбейту кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру арқылы мүмкін болды. Енді бұл көрсеткіш 28 мың 284 теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстарғанда 16 пайызға артты.
Еліміз бойынша жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек бір млн-ға жуық адамға беріледі. Мемлекет халықты тек материалдық тұрғыдан ғана емес, жұмыспен де қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Асқар Ниязов, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің бас сарапшысы:
– Жұмысқа тарту шараларын жүргіземіз. Егер жұмыспен тарту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмаса, кәсіби мамандығы немесе біліктілігі жоқ болса, онда біз бұл орайда осы еңбекке қабілетті мүшесін отбасының қайта даярлау курстарына жолдаймыз. Қайта даярлау курстарына қатысқан үшін шәкіртақы, стипендия тағайындалатын болады.
Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру – Елбасы тапсырмасы. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамында атаулы көмекті нақты иелеріне беру туралы айтылған. 
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Аят Дүйсебаев
24.kz
04 қаңтар 2018 ж. 1 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031