» » АДАМ ҚҰҚЫ БҰЗЫЛСА, ДЕР КЕЗІНДЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛУЫ ҚАЖЕТ

АДАМ ҚҰҚЫ БҰЗЫЛСА, ДЕР КЕЗІНДЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛУЫ ҚАЖЕТ

Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен Бас  прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтті.  Бас покуратурасының баспасөз қызметі атап көрсеткендей, отырыста өткен жылда атқарылған жұмыстың нәтижелері талқыланды және Елбасының тапсырмаларын ескере отырып, алдағы кезеңнің міндеттері белгіленді.  Алқа жұмысына Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Бас прокуратураның қызметкерлеріне арналған сөзінде Елбасының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарына және елдегі заңдылықты қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының үйлестіруші рөліне аса назар аударды.
Өз кезегінде Бас Прокурор алға қойылған міндеттер мен бағыттарды атап өтті. Елдегі криминогендік ахуал жақсарған. Қылмыстық құқықбұзушылықтың саны 12%-ға, оның ішінде жеке басқа қарсы 20%-ға және меншікке қарсы 11%-ға төмендеген.
Алайда, қылмыстық істердің төрттен бірі ақталу негіздемесімен қысқартылып отыр, яғни көптеген азаматтар қылмыстық процеске негізсіз тартылған. Осыған орай Қайрат Қожамжаров прокурорлардан сотқа дейінгі процестің барлық кезеңдерінде қадағалауды күшейтуді тапсырды.
–Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты бірде бір тергеу әрекеті прокурорлық қадағалаудың назарынан тыс қалмауы тиіс. Прокурор жұмысының негізгі көрсеткіші азаматтардың конституциялық  құқықтарының қорғалуы болмақ,  -деп атап өтті ведомство басшысы. Сонымен қатар сотта мемлекеттік айыптауды сапалы іске асыру және істің мән жайын жан-жақты зерттеуді қолға алу қажеттігі айтылды.
Бас Прокурор пробация саласындағы аумақтық прокурорлардың жұмысын сынады.
–Пробациялық бақылауда тұрған  сотталғандар арасында қылмыстың қайталануы 4 есе өскен ( 248-ден  938-ге дейін), бірақ осы бағытта нақты шаралар жасалмаған, – деді ол.
Сотталғандар санының азаюына қарамастан,  жыл сайын олардың өтініштерінің саны 26  пайызға өсіп келеді. Бұның барлығы қылмыстық-атқару жүйесіндегі тереңдеп кеткен проблемалар мен жемқорлықтың жоғары деңгейіне байланысты болып тұр.    Пенитенциарлық саладағы өзекті мәселелер Республиканың құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде бөлек талқыланбақ.
Әлеуметтік-экономикалық салада өздерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтындардың, шектеусіз тұлғалар қатарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен адамдардың өміріне орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау – басты бағыт болып табылады.
Қайрат Қожамжаров: «Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін сапалы қарау – негізгі міндет болып қала береді. Бірде бір өтініш ескерусіз қалмасын. Қай жерде адам құқығы бұзылатын болса, дер кезінде шара қолдануды қамтамасыз ету керек», – деп талап етті.
Осыған байланысты Бас Прокурор барлық орынбасарларын, қызмет басшылары мен аумақтық прокурорларды азаматтарға өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту себептерін жеке түсіндіруге міндеттейтін тиісті өкімге қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасынан туындайтын тағы бір басымды бағыт – қылмыстық процесті одан әрі цифрлау болып табылады. Сондықтан қылмыстық сот өндірісін электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшіру жалғастырылмақ.
Сондай-ақ Қайрат Қожамжаров қылмыскерлерді және ұрланған активтерді шетелден қайтару  мәселелеріндегі халықаралық серіктестікті күшейтудің маңызын атап өтті.
Сөз соңында Бас прокурор елдің барлық құқық қорғау жүйесіндегі кадрларды оқыту және қайта даярлаудағы Құқық қорғау органдары академиясының әлеуетін одан әрі дамыту, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру  қажеттігіне назар аударды.
Ведомство басшысы: «Қоғамға өзіне жауапкершілік жүктей алатын, азаматтарға қолжетімді, заңдылықты нығайту ісінде белсенді және беделі мінсіз прокурор қажет», – деп сөзін түйіндеді.
Алқа қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Еркін ҚАЛДАН
29 қаңтар 2018 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031