» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Жиында Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды. – Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет, – деді Елбасы. Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі компанияларымен және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. – Біз америкалық бизнес «капитандарымен» нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұлар біздің экономикамызға, әсіресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту салаларына тың серпін беретін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Елбасы Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

23 қаңтар 2018 ж. 1 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 028
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 700

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031