» » «ҚАУІПСІЗ КӨЛІК» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ҚАУІПСІЗ КӨЛІК» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

  2017 жылғы қаңтарда Қызылорда облысы бойынша  34 өрт оқиғасы тіркелсе, оның ішінде 9 өрт автокөліктерде орын алған. 2018 жыл басынан бері 47 өрт оқиғасы, оның ішінде 17 өрт автокөліктерде орын алған.

Автокөліктердегі өрттердің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің қатысуымен ағымдағы жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында облыс бойынша «Қауіпсіз көлік» акциясын өткізуде.
Іс - шара барысында азаматтық қорғау қызметкерлері автокөліктерде өртті сөндірудің алғашқы құралдарының (өрт сөндіргіштердің) болуына, оның жарамдылық мерзіміне баса назар аудара отырып,  жүргізушілерге өртке қарсы нормаларды сақтау қажеттігін түсіндіріп,  жаднамалар таратты. Автокөлік құралдары өрттің жиі орын алуы жағынан тұрғын үйлерден кейінгі екінші орында тұр. Себебі, автокөліктердегі пластик, полимерлік және синтетикалық материалдар тез тұтанып, таралатындықтан, өртке қауіптілігі жоғары. Мысалы, жеңіл автокөлік 5- 10 минут ішінде жанып кетеді. Бұған қоса оның жануы кезінде адамның деңсаулығы мен өміріне қауіпті, жоғары токсинді заттар бөлінеді. Сол себепті өрт сөндіргіштің болуы – жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды.
Акция автобекеттерде, теміржол вокзалдарындағы, халық көп шоғырланатын «Жібек жолы» сауда кешенінде, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы автотұрақтарда жүргізіліп, қалааралық автобустар мен жеңіл автокөлік жүргізушілеріне автокөліктегі өрт қауіпсіздігі туралы ережелер түсіндіріліп, ақпарат жеткізілді.
Акция барысында автокөлік жүргізушілері ерікті түрде қолданыстағы  өрт сөндіргіш құралдарын көрсетіп, оның жарамдылығын, дұрыстығын тексеріп беруін сұрады. Дегенмен, автокөліктердегі өрт сөндіргіштердің 85 % ғана жарамды жағдайда болды, қалғандарының қолдану мерзімі өтіп кеткен немесе газ қысымы жоқ.
Бұл жағдайда Департамент қызметкерлері жүргізушілерге жаңа өрт сөндіргіштерді, мейілінше автокөліктердегі өртті, оның ішінде қол жетпейтін жеріндегі тұтанған өрттерді сөндіруге арналған көмірқышқыл көлемді өрт сөндіргіштерді сатып алуды ұсынды. Себебі, бұл өрт сөндіргіштер автокөліктегі қол жетпейтін орындарда өрттерді сөндіруге арналған.
Акция халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) жалғасты, қызметкерлер бұл жерде де орталыққа келушілерге жаднамалар таратып, тұрмыстағы және автокөліктегі өрттердің қаупі туралы  ескертіп, өрт туындаған жағдайда тез арада 101 және 112 құтқару қызметтерінің қоңырау соғу керектігін естеріне салды.

08 ақпан 2018 ж. 1 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031