» » ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Жуырда «Қыс-көктем мезгілдерінде су тасқы­нының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында облыстық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. Онда Жосалы кентінде азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті арнайы техникаларының дайындығы мен инертті материалдарының нақты көлемдері түгенделіп, олардың қауіпті учаскелерге шоғырландырылуы тексерілді.
Тексеруге азаматтық қорғау қызметтерiнің күштері мен құралдары және ұйымдар мен мекемелер, кәсiпорындар жұмылдырылды.
Қармақшы ауданы аумағында «2017-2018 жылдардың қыс-көктем кезеңдерінде Сырдария өзенімен келетін суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар мен су тасқыны жағдайында шұғыл ден қою жоспарлары бекітілген. Жергілікті қорда 9,5 тонна, оның ішінде 4,5 тонна бензин, 5 тонна дизель отыны бар. Сонымен бірге, 430 дана қада, 1000 бау сабан, 5000 метр сым, 1700 бау қамыс, 22 500 қап жинақталған. Қажетті жанар-жағармай мөлшерін алуға «Мир-2001» ЖШС-мен және азық-түлік қоры мен төтенше жағдайлар зардабын жою кезінде үш мезгіл тамақпен, сонымен қатар құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер Б.Балмаханов, «Қармақшы» СТК-мен келісім-шарт жасалған.
Қармақшы ауданы бойынша Сырдария өзені бойында 9 қауіпті учаске бар. Қазіргі таңда, Жаңажол ауылдық округі аумағындағы «Оңжағалау» каналының қорғаныс бөгетінің 580-586 пикеттер аралығындағы 600 метр бөлігіне топырақпен нығайту жұмыстары аяқталды, алдағы уақытта аталған аумақ бойынша қайта саралау жұмыстары жүргізіліп, қосымша нығайту іске асырылады. Сондай-ақ, су басу қауіпі бар учаскелерден тұрғындарды, төрт түлікті көшіру мақсатында, 5 эвакуациялық жинақтау, 5 эвакуациялық қабылдау бекетінің орны нақтыланды.
Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Сүйеубаев, Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Жаңабаев пен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ә.Марданов және департаменттің азаматтық қорғаныс бөлімі әскери жұмылдыру жұмысы тобының аға офицері Ә.Қуандықов қатысып, су тасқыны кезінде орын алатын төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 117 адам мен 38 бірлік техникасы бар азаматтық қорғау қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтері күш-құралдарының дайындығын пысықтап, саптық қарау өткізді.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
19 қаңтар 2018 ж. 1 308 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 01:18
Acquistare Viagra In Francia priligy precio farmacia Amoxicillin 500 Mg Dosing

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031