» » СУ ТАСҚЫНЫ МЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАСАЙТЫН ІС ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

СУ ТАСҚЫНЫ МЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАСАЙТЫН ІС ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

СУТАСҚЫНЫНАДЕЙІН
- күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілді органдардың рұқсаты бойынша салы­ңыз;
- қауіпті жерде уақытша тұратын орындарды жасамаңыз;
- азық-түлік, су, қажетті заттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құралдарының қорын алдын ала қарастырыңыз;
- құжаттарды дайындаңыз, егерде жас бала­ларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;
- өздеріңізге жақын орналасқан қауіпті орынды және оған жететін қысқаша жолды белгілеңіз;
- хабарландыру дабылдарына, гидрометео мәліметтеріне назар аударыңыз;
- жергілікті атқарушы органдарынан көшіру-жиналу пунктінің мекен-жайын анықтап алыңыз.
СУТАСҚЫНЫҚАУПІКЕЗІНДЕ
- газ және электр қуаты көздерін сөндіріңіз, құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіріңіз;
- электр энергиясының қосымша көздерін, алғашқы көмек көрсету құралдарын, су және азық-түлік қорын, радиоқабылдағыштарын, от жағу үшін спирттік плиталарды және дабыл беру үшін электршамдарын дайындап қойыңыз, автокөліктердің бактарын маймен толтырыңыз;
- егер уақытыңыз болса, үйіңізді (пәтеріңізді) қорғауға шаралар жасаңыз (есік-терезелерді мықтаңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауыл шаруашылығы құрал­дарын, жем-шөпті қауіпсіз орындарға көші­ріңіз);
- электр құралдары мен желілерді, газды судан қорғауға шаралар қолданыңыз;
- көлікпен немесе жаяу болсын биік жерлерге орналасыңыз;
- басқару органдарының қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындаңыз;
- көшіру туралы хабарды алысымен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне барыңыз;
- пәтерден (үйден) шығар алдында өзде­ріңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен суды алып шығыныз;
- қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы аудандарда орналасқан көшіру-жиналу пункттеріне барыңыз;
- үйдегі малдарыңызға ен салып, көшіру-жиналу пункттеріне айдап келіп, ­жауапты адам­дарға тапсырыңыз, малдар да қауіпсіз аймаққа көші­ріледі;
- көшіру жиналу пункттерінің әкімшілігінің барлық нұсқауларын орындаңыз;
СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ
- төмен орналасқан жерден тез арада кету қажет, егер су басқан ауданнан шыға алмасаңыз, жоғарғы қабатқа, шатырдың үстіне, биік ағаштарға орналасыңыз;
- басқару органдарының тиісті нұсқаулары келгенге дейін қауіпсіз орындарыңызда қалыңыз;
- су ағынынан өз бетінше өтуге әрекет жаса­маңыз. Су ағынының 15 см тереңдігі адамға қауіпті, ал 50 см тереңдігі әдетте көліктердің қозғалысын қиындатып, өте қауіпті болады;
- қолдағы бар құралдарды: пластикалық заттарды, резинадан жасалынған баллондарды, ағаштарды және т.б. пайдаланып, судан шығу амалын қарастырыңыз;
- көмек қажет болған жағдайда, үрейленбей, тыныштық сақтап, апат белгілерін беріңіз (жалау­шалар, көліктің дыбыс белгілері, оқ атыңыз, от жағыңыз);
- суда қалып қойсаңыз, үстіңіздегі ауыр киім мен аяқ киімдерді шешіңіз. Су баспаған учаскелерге ағын судың бұрышына туралап жүзу қажет, жүзу кезінде, су астындағы және судың бетіндегі қауіпті заттардан сақтаныңыз;
- зардап шеккен адамдарға шұғыл меди­циналық көмек қажеттігі кезінде, су мен азық-түліктің жоқтығы кезінде, жағдайдың кауіптілігі кезінде немесе құтқарушылардан көмек келе­тіндігі туралы күдіктенсеңіз, су басқан аумақ­тардан көшіру әрекеттерін жасау керек.
СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН
Өз үйіңізді мұқият тексеріңіз:
- фундаменттің тұтастығын;
- қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;
- газ және электр жүйелерін;
- улы жыландардың болмауы мүмкіндігін;
- зақымданған электр, газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз;
- үйдің тұрақтылығына күдіктенсеңіз, үйдің ішінде қалмаңыз;
- азық-түліктің жарайтындығын тексеріңіз, суды қайнатып ішіңіз
- ашық от көздерін пайдалану қауіптігін есте сақтаңыз;
- су тасқыны дүние мүліктеріңізге үлкен шы­ғын келтірсе, жергілікті атқарушы органдарынан көмек сұраңыз.
Жедел қызметтердің байланыс телефондары: 112.
05 қаңтар 2018 ж. 1 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 028

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930