» » Аралда қыста төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өткізілді

Аралда қыста төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өткізілді

Арал ауданында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап. Іс-шара  «Қыс және көктем кезеңінде су тасқынының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында  өтті. Оқу жаттығу барысында азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтерімен авариялық құтқару жасағына «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің №20 қалалық су тарату сорғы станциясында саптық қарау жүргізілді. Сонымен қатар, оқу жаттығу барысында «Батыс-Қытай - Бастыс-Еуропа» тас жолында 4 жолаушысы бар 1 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғандығы туралы арнайы тапсырма беріліп, азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтері құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқару кезінде 1 жолаушыға алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Автокөлік қар құрсауынан шығарылып, қалған жолаушылар эвакуциялық қабылдау пунктіне жеткізілді. Командалық-штабтық оқу-жаттығуға аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдай қызметтерінің 160 жеке құрамы мен 30 техника қатыстырылды.  
14 қаңтар 2018 ж. 2 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 296
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 447

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30