» » Сыр өңірі алғаш рет Қытайға балық экспорттады

Сыр өңірі алғаш рет Қытайға балық экспорттады

Сыр өңірінде соңғы жылдары балық аулау мен өңдеу көлемі артып келеді.
Мәселен, өткен жылы аймақта 7 мың 600 тонна су маржаны сүзілген. Ал экспортқа 3 мың 400 тонна балық өнімі шығарылып отыр. Бұған дейін Еуропа нарығын еңсерген кәсіпорындар жуырда алғаш рет өнімдерін Қытайға саудалай бастады.
Бұл – Еуропаға балық өнімдерін экспорттайтын Сыр өңіріндегі 3 зауыттың бірі. Мұнда тәулігіне 1 жарымнан 5 тоннаға дейін су маржаны өңделеді. Кәсіпорын өнімі биыл алғаш рет Қытайға экспортталды.
Ғазиза Құлнияз, технолог:
Бізде осы жерде Арал ауданына қарасты Бөген елді мекенінде үлкен сервистік дайындау орталығымыз бар. Тастүбек, Үш шоқы деген учаскелерде балық ауланып, жылына маусымдық және тұрақты жұмыспен қамтылған бірнеше бөлімшеміз бар.
Заманауи қондырғылардың көмегімен бар-жоғы 2 минуттың ішінде 20 келі балықты тазалауға болады. Одан кейін бірнеше сатылы өңдеуден өтеді.
Бұл көксерке балығы – Арал теңізіндегі ең құнды су маржандарының бірі. Әсіресе Еуропада ерекше сұранысқа ие. Өйткені бұл балықтың құрамы қажетті дәрумендерге өте бай. Және сүбе еті бөлек кесіліп алынып, шетелге экспортталады. Ал қалған бөлігі дәл осы жерде қалдықсыз өңделеді. Мәселен, бет еті мен төстігі дүкендерге саудаға шығарылса, қалған бөлігін фаршқа айналдырып, сүйегін ұн ретінде тартады екен.
Жалпы Арал маңында осындай 8 балық өңдеу зауыты бар. Олар жылына 11 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Балық шаруашылығының қарқынды дамуы аймақтағы балық өнімдерінің экспортын соңғы 3 жылда 2 есеге арттыруға мүмкіндік берген.
Жалғас Ахметов, облыстық табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы:
– Тек өткен жылдың өзінде экспортқа 3400 тонна балық өнімдері шығарылды. Оның 70 пайызы – 2200 тоннадай Ресей Федерациясына, 900 тоннаның үстінде Еуропа елдеріне, оның ішінде Дания, Нидерланд мемлекеті, Польша мемлекеттеріне шығарылса, 60 тоннадай бірінші рет Қытай мемлекетіне балық өнімдері шығарылды.
Өңірде балық қорын сақтау жұмыстары да жүйелі жүруде. Жыл сайын Арал теңізі мен оның маңындағы су айдындарына 15 миллиондай шабақ жіберіледі. Одан бөлек Қызыл кітапқа енген Арал қаязы балығын көбейту қолға алынып отыр.
15 қаңтар 2018 ж. 1 436 1

JeaCold от 1 наурыз 2019 05:30
Cialis Farmacia Del Ahorro viagra vs cialis Secure Zentel Side Effects Of Zithromax Cheap 40 Cialis Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031