» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АСЫЛТҰҚЫМДЫ МАЛ БАСЫ КӨБЕЙДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АСЫЛТҰҚЫМДЫ МАЛ БАСЫ КӨБЕЙДІ

Сыр өңірінде асылтұқымды мал басы көбейіп келеді. Төрт түлікті тең өргізуге мемлекеттік қолдаудың септігі мол. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары арқылы серпілген шаруашылықтар ет өнімдерін экспорттауға бағыт алған.
Қармақшы ауданындағы мына шаруашылықта «Ордабасы» қойы көбейтілуде. Түліктердің әрқайсысы шамамен 40-50 келі таза ет береді екен. Сондықтан оларға мемлекеттен қолдау бар. Асылтұқымды мал өсіретін шаруашылықтағы әр түлік басына субсидия төленеді.
Қанағат Рүстемов, шаруа қожалық төрағасының орынбасары:
- Біз 2015 жылы мал шаруашылығымен айналысуды бастадық. 712 баспен бастағанбыз, қазір 1 800 бас бар. Болашақта 3-4 мың басқа көбейтуді, ет өндіруді жоспарлап отырмыз.
Жалпы өткен жылы аймақта мал шаруашылығы бағытындағы 672 қожалық субсидияланды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 млрд теңгедей қаржы бөлінді. Нәтижесінде облыста төрт түліктің көбейгені байқалады. Мәселен, уақ мал 5,5 пайызға, мүйізді ірі қара 6 пайызға, жылқы 17 пайыз өсті.
Арыстанбек Омаров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша бізде жылда ақша бөлінетін. Биылғы жылы ол да толығымен орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара алуды 109 пайызға, қой алудан 160 пайызға орындасақ, жылқы алудан 125 пайызға дейін артығымен орындап отырмыз.
Биыл Сыр өңірі аусылдан айыққан аймақтар қатарына қосылды. Осылайша еліміздің 4 облысымен бірге Қызылорда өңірі де буферлік шектеудің шеңберінен шықты. Демек ет экспортына жол ашық. Әзірге аймақтан Иран мен Біріккен Араб Әмірлігіне 2 мың бастай тірі қозы сатылды. Келер жылы облыста тиісті талапқа сай ет комбинаттарын ашу жоспарда бар. Содан кейін малды шетелге тірідей сатуды доғарып, ет күйінде өткізетін болады.
08 қаңтар 2018 ж. 1 263 1

JeaCold от 14 ақпан 2019 05:12
Human Recommended Dosage Of Cephalexin Free Cialis Voucher cialis canada Buying Amoxil Ou Acheter Du Cialis Sur Le Net

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031