» » ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Төтенше жағдайлардың қаупі туындаған кезде халыққа көмек көрсетудің тиімділігін арттыру» барысында Қызылорда облысы Арал қаласында 6 шығысқа арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымовтың 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 12 бұйрығымен Арал ауданы №3 өрт сөндіру бөлімі мамандандырылған бөлім ретінде қайта тағайындалды. 2018 жылғы 31 қаңтарында Арал қаласында Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратының салтанатты ашылуы болды.  Ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Н.Тілешов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және Арал тұрғындары қатысты.
   «Жаңа өрт сөндіру депосы кешенінің ашылуы төтенше жағдайларды жоюда Қызылорда облысының өрт сөндіру бөлімшелері қызметінің жеделділігін, тиімділігін арттырады. Мемлекеттің басты басымдығы және Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеті ең алдымен аймақтың аумағында өрттен қорғау және сөндіру, сондай-ақ авариялық құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қауіпсіздікпен ғана емес, сонымен қатар 100-ден астам қосымша жұмыс орындарын ұсынады», – деді Қ.Көшербаев өз сөзінде.
    Облыстағы алғашқы өрт сөндіру бөлімі 1918 жылы Арал қаласында құрылды және осы күнге дейін қойылған міндеттерді орындайды. Осындай жан тебірентерлік сөздерден кейін мерекелік фан-фар әуенімен облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Н.Тілешов лентаны қиып, жаңа ғимаратта жұмыс күнін ресми түрде бастады. Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов қатысушыларды жаңа өрт сөндіру депосының ерекшеліктерімен таныстырды.
    Мұнда 4 аймақ жасалынған: негізгі, өндірістік, тұрғын және оқу-спорттық. Мұнда өрт сөндірушілерге барлық қажетті тұрмыстық жағдайлар жасалған. Демалыс бөлмелері, психологиялық жеңілдену, жаттығу залы, асхана, душ кабиналары, кең кабинеттер, 119-орынға арналған мәжіліс залы, 30 адамға лайықталған оқу сыныбы бар. Өндірістік аймақ бақылау-өткізу бекетінен, автотұрақтан, екі су қоймасы бар авто жанармай құю стансасынан тұрады. Оқу-спорттық аймағында: оқу-жаттығу мұнарасы алаңы, 100 метрлік кедергі жолағы, баскетбол алаңы және шағын футбол алаңы орналасқан.
Негізгі ғимараттың 3 қабатында 40 адамға есептелген жатақхана қарастырылған. 4 қабатта қажетті үй жиһазбен 7 пәтер бар.
    Өрт сөндіру бөлімінің жүрегі байланыс бекеті болып табылады, бұл жерге барлық өрт туралы хабарлар және оқиғалар түседі. Қабырғада көшелер мен объектілерді, ғимараттар мен үйлерді көрсете отырып шығу ауданың картасы орналасқан. Қызмет көрсету аймағында белгіленген резервуарлар мен өрт сөндіру гидрантар орналасқан.
Экскурсия барысында азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов Арал ауданын өрттен қорғауды өрт сөндірушілер бұрынғыдай жалғастырады, жаңа ғимаратқа өрт сөндіру қызметінің 40 қызметкері көшкендігін атап өтті. Ол сондай-ақ өртке қарсы жабдықтардың ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізетін техникалық қызмет көрсетуді көрсетті.
     Қорытындысында қонақтар жаңа ғимараттың үй-жайлары өте үлкен, жарқын және жылы екендігін атап өтіп және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне шыдамдылық, даналық, өз міндеттерін абыроймен ар-намыспен орындауды тіледі.
01 ақпан 2018 ж. 1 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 813

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930