» » ЖАС ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР

ЖАС ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР

Жақында Әбзәли Егізбаев атын­дағы №121 орта мектепте аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен атал­мыш мектептің 10 және 11 сынып оқу­шылары мен «Жас өрт сөндірушілер» үйірмесі мүшелерімен кездесу өтті.
Сөз кезегінде №5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Руслан Алмерденов оқушыларға қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін өрт сөндіруші мамандығының қыр-сырымен таныстыра келе, мамандықтың қоғам­ға маңыздылығы жайлы айтты.
Сонымен бірге, сала маманы Жарас Жақсыбаевпен бірге өрт сөндірушінің киімі, құрал-жабдықтарымен таныстырып, оның төтенше жағдайлармен өрт сөн­діру кезіндегі өрт сөндірушінің міндеттері туралы түсін­дірмелер берді.
Сала мамандары, биыл мек­тепті тәмамдағалы отырған, оның ішінде осы саланы таңдаған талапкерлерге Көкшетау қаласындағы техникалық институтқа оқуға түсуіне тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ, аталмыш жоғары оқу ордасының басқа оқу орындарынан ерек­шелігі жайлы және сол оқу орында білім алып жүрген қармақшылықтардың, оның ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізген 5 курс студенті Қуандық Айтбаев пен басқа да жерлестер туралы сөз етті.
Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор шара барысында оған қатысушы оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауап алды.
Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ
23 қаңтар 2018 ж. 3 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 350
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930