» » ҚАУІП ЖОҚ ДЕМЕ...

ҚАУІП ЖОҚ ДЕМЕ...

Жуырда"Қармақшы таңы" редакциясының газет таратушысы Гүлбаршын Мусаева өзіне бекітілген көше оқырмандарының газет-журнал таратып жүрген кезінде бір тұрғын үйден жас келіншек жылап жүгіре шығады да: "Апатай, көмектесіңізші" деп, - алдына тұра қалады. Басында бұл көрініске аң-таң болып тұрып қалған Гүлбаршын есін жия келе үйден будақтап түтін шығып жатқанын көреді де, сол үйге жүгіре кіреді. Сонда оның үй ішінен лаулап жанып жатқан газ плитаны, екінші бөлмеде қосулы тұрған теледидарды көріп, оны сөндіруге жүгіргенде, есіктің бұрышында бесікте жатқан сәбиді байқап қалады. Үй іші көкала түтін. Гүлбаршын дереу бесікті алып, сыртқа жүгіреді. Сәл демалған соң үйге кіріп барлық бөлменің терезесін ашып, үй ішін түтіннің бой алмауына жұмыс істейді. Сол уақытта өрт сөндірушілер де жетіп, өрттің жолын бөгейді. Біраз уақыттан соң есін жиған үй тұрғындары Гүлбаршынға алғысын айтып, батасын береді. Бүгінде оның сол маңнан өтіп бара жатқанын көретін тұрғындар қайта-қайта алғысын айтумен болады екен. Қазақ данагөйлері айтқандай, жақсылықтың да қайтарымы мол болады.
Бұл мысалды біз неге айтып отырмыз? Әрине, мұндай келеңсіз жағдайлар адамзат өмірінде күнде кездесіп жатады. Оның ішінде, газ баллонының жарылысынан орын алған жағдайлар да бар.
Кеңес Одағы кезіндегідей емес, бүгінде әлемді демократия заңы билік құрып тұрған заманда адамдар жер шарының түкпір-түкпірінде болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарды интернет желісі арқылы ашық түрде танысып отырады. Бүгін ғана жақсылықты жаңалығымен көрінген жерден, ертесіне қазалы оқиғаның орын алғанын естіп жатамыз.
Аудан тұрғындарын газ баллонымен қамтамасыз етіп келе жатқан «Байқоңыргаз» және «Тұран­газ» мекеме­лерімен бірге, «ТС», «Каз­мұнайгаз» және басқа да жеке газ тарату орындары белсенді жұмыс істеуде. Осындай кезде «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, әрбір адам газ баллонын тұрмыстық жағдайда пайдаланғанда қандай қауіпсіздік шарасын қолдануы тиіс? Міне, осы сұраққа жауап іздеп «Байқоңыргаз» мекемесіне жол салдық. Мекемеге келген соң, оның басшысы Жолмырза Райсовқа мән-жайды түсіндірген соң, маман біздің сауалымызға жауап берді.
–Тұрмыста газ пешін пайдаланбайтын отбасы жоқ десек те болады. Газбен тамақ дайындау әрі тез, әрі таза. Алайда, газды, оның ішінде баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қатаң сақтауда кейбір азаматттар немқұрайлық танытады. Расында да, газды қондыру, оны жөндеу жұмысын әркім өзі білгенінше істеуге болмайды. Мұндай жұмыстарды тек маман істеуі керек. Реттегішті газ баллонына жалғарда оның тесік яки көнерген және баллонның мойы­нын­дағы сақинаның жарықшасы кесілген болмауы тиіс. Газ плитасын қолданып болған соң, құлақшасы мен баллонның винтелін жабуды ұмытпаған да жөн. Әсіресе, газдың иісі сезілгенде шырпы жағу арқылы тексеруге және баллондағы газ таусылғанда төңкеріп қоюға болмайды. Бұл – өте қауіпті. Газдан иіс немесе басқа да ақаулар орын алғанда міндетті түрде 104-ке хабарлау керек. Мамансыз өз еркінше газ плитасында орын алған ақауды жөндеуге болмайды, – деді маман.
Иә, «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, сақтана білгеннің өмірі де ұзақ болатыны рас. Сондықтан ағайын, әрбір істің алдын тексеріп алған да жөн.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
11 ақпан 2019 ж. 1 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031