» » Терезеде салбырап тұрған баланы 60 жастағы зейнеткер құтқарып қалды

Терезеде салбырап тұрған баланы 60 жастағы зейнеткер құтқарып қалды


Қытайдың Мианьян қаласындағы Сычуань провинциясында 60 жастағы зейнеткер терезеден құлайын деп салбырап тұрған баланы құтқарып қалды.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар бала терезеден шығып кетіп, торға қысылып қалған. Басы терезенің торына қысылып қалған бала біраз уақыт үшінші қабатта салбырап тұрды. Терезеден құлайын деп тұрған баланы көршілері уақытында байқап қалды. Олар бірден баланы құтқаруға бекініп еді, бірақ ол пәтердің есігі құлыптаулы болып шықты. Ал, далада жиналған халық бала құлаған жағдайда, оны ұстап қалу үшін төсек жапқыш әкеп, сәбиді құтқару үшін барын салды.
Сол кезде тұрғындардың шулаған дауысын жақын маңда тұратын 60 жастағы Лю Синчжао естіп қалған. Не болып жатқанын түсінген зейнеткер баспалдақпен үшінші қабатқа көтеріліп, көршінің терезесі арқылы балаға қарай жүрген. Темірден ұстап балаға қарай жақындаған қария, оны үйге итеріп жіберді. Осылайша, 2 жасар бала аман-есен құтқарылды.
Көп ұзамай үйге баланың анасы мен әжесі, сондай-ақ полиция қызметкерлері де келді. Сөйтсе, сол күні балаға қарауы тиіс әкесін кенеттен жұмысқа шақыртып алған екен. Сол себептен, әкесі туыстарын күтпестен жұмысқа кетуге мәжбүр болған.
21 шілде 2018 ж. 2 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 104
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031