» » БИДАЙ КӨЖЕНІҢ ДӘМІ

БИДАЙ КӨЖЕНІҢ ДӘМІ

Жосалы кентінің тұрғыны Гүлбаршын Мусаева 2004 жылдан бері бидай көже сатумен айналысады. Бүгінде ол үлкен жолдың бойынан шағын дүңгіршекті жалға алып, кәсібін дөңгелетуде. Сондай-ақ ол жолаушыларға иісі бұрқыраған ыстық самса, бәліш те сатады.
– «Ақмаржан» кафесі жанынан ша­ғын жай жалдағаныма екі жылдай бол­ды. Бидай көжеге сұраныс жақсы. Тұрақ­ты тұтынушыларым бар. Байқоңыр қала­сының тұрғындары бидай көжені тапсырыспен алдыртады. Трассаның бойынан өткен жолаушылар да сусынын осы бидай көжемен қандырып жатады, – дейді кәсіп иесі.
Бидай-құнарлылығы жағынан жо­ғары тағам түріне жатады. Ата-бабамызда ертеден келе жатқан қадірлі астың бірі. Ауызға айту оңай болғанымен, бидай көжені дәмді етіп пісірудің өзіндік сыры да жоқ емес. Гүлбаршын таңсық асты пісіруді алғашында анасындай болып кеткен енесі Қалимаш Әбдікеровадан үйреніпті. Апасы көже пісірудің қыры мен сырын келініне үйретуден жалықпаған.
– Бидайда калория көп. Қатыққа былғаған соң, одан сайын оның дәмі артады. Отбасылық кәсібімізге апам үлкен көмекші. Өйткені, бидай көжені өз деңгейінде пісіруде шеберлікті көп керек етеді. Бабы болмаса, дұрыс шықпайды. Көже дұрыс шығу үшін бидайды қолдап келіге түйеміз. Сосын барып желпіп, суыру жұмысын жүргіземіз. Бұл үрдіс екі мәрте жасалады. Сонан соң қазанға асылып, біраз бұқтырылады. Асылған бидайды өз деміне қойып, буып тастаймыз. Ыстығы басылған соң қатыққа араластырып, тұтынушыға ұсынамыз, – дейді көже пісіруші.
Ұқсас жаңалық
КЕСЕК ЖЕУДІҢ КЕСІРІ БАР МА?


 
Түйін:
Адамның денсаулығы – оның қандай ас тұтынғанына байланысты. Қазіргідей жаһандану үдерісінде тағамымыз табиғи қалпынан қалып бара жатқандай. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін адам ағзасына зиянын келтіретін геномдарға, құнарлы аз әрі тез дайындалатын көше тағамдарына әуестілік пайда болды. Ас мәзірінде қазекем қашан да ұқыпты болған. Дені сау ұлт – дені сау қоғам. Сондықтан, денсаулыққа аса пайдалы, дәрумені мол, асқазанға майда тиетін ұлттық тағамымыз – бидайкөже әрбір үйдің дастарқанынан табылсын.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
08 қазан 2018 ж. 3 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031