» » АЙШЫҚТЫ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН, ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗҒАН

АЙШЫҚТЫ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН, ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗҒАН

Аптаның бірінші күні. Телефонмен ақпарат алып, оны үздіксіз желіде бөлісіп, қауырт қызмет жүріп жатқан сәт. Кенет жұмыс телефоны да, интернет желісі де істен шықты да  қалды. Кемшілікті өзгеден емес өзімізден іздейтін біз ақау дұрыс қолданбағанымыздан болар деп сымдарды тексердік.  Қосылып қалар деген ниетпен күткенімізге біршама уақыт болды. Енді не істейміз? Жұмыс тоқтап тұр. Дедектеп «Қазақтелекомға» жеттік. Қадағалап отырған сала мамандары мұнан хабардар екен. Учаскелік монтерға тапсырма беріп үлгерген.  Қас пен көздің арасында балалар байланысқан телефон сымын ұрлап әкетіпті. Кіл халыққа қызмет көрсететін мекеме орналасқан орынға интернет желісі ауадай қажет. Онсыз күніміз қараң. Осыны ескерген монтерлар әп сәтте-ақ іске кірісіп кеткен. Жаңа сым жалғап, 1-2 сағат шамасында қайта қосып берді.
Иә, небәрі 1 сағатта интернеттің жоқтығынан осылай әбігер шектік.  Қазір жер шарының қай нүктесі болмасын хат-хабар алмасып, сәлем-сауқат жіберуде ешқандай кедергі жоқ.  Алыс-алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын екі байланыс  құралы болса соның бірі – электрлік байланыс.  Бізде мұндай құрылғылардың ең жаңа үлгісі іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансалары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.
«Қазақтелеком» телеком­му­ни­кация­лар­дың барлық желі­­сін – телефон стансалары мен кабельдік желілер ин­фра­құрылымын иеленеді. Қолда­ныстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. Кентішілік байланыс құрылғылары 3 учас­кеге бөлінеді. Әрқайсысына жауапты электромонтер бекітілген. Ол сол аймақтағы байланыс құ­рылғыларын қадағалап, үздіксіз жұ­мыс істеуін қамтамасыз етеді. Мұнан бөлек 2 кабель дәнекерлеуші маман қызметі бар. Қазір аудан бойынша 5543 интернет нүктесі болса 4540-ы пайдалануда. ІD TV көрсетпей, интернет, телефон желісі істен шығып, қандай да бір шағымыңыз болса республика бойынша 065 қоңырау нүктесі жұмыс істейді. Яғни өз өтінішіңізді осы нөмірге хабарласу арқылы білдіресіз. Ол тікелей Алматыдағы орталықта. Әр өңірдің тапсырмасы компьютерге жазылады. Оны үнемі қадағалап отыратын кросс электромонтер бар. Ертемен барлық монтер мекемеге жиналып, өз учаскелері бойынша тапсырма алады. Қазір учаскелік монтерге планшет берілген. Бұл сандық технологияға көшу қадамы. Алдағы уақытта планшетке түсіп тұрған өтініш негізінде қызмет көрсете береді. Одан бөлек ағымдағы жұмыстардың алдын алу шаралары бар. Байланыс желелілері де тозады. Апаттық жағдайларды болдырмау үшін сымдарды дер кезенді жаңартып отыру керек.
– Қазір «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда жергілікті желілердің телекоммуникация торабына қатысты Қармақшы ЖШ цехында 40-тан аса адам еңбек етеді. Желілік, сату бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Олар тұрғынға қажет пакетді сату, интернет, телефон құру жұмыстарын, ай сайынғы төлемдерді алуды реттейді. Біздегі маманның бәрі сала білгірлері. Жұмыстарын тиянақты, нәтижелі орындайды. Ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан майталмандар да бар.   Әр жылға бекітілген жұмыс жоспары болады. Биыл Алдашбай ахун, Ақтөбе, Ақжар ауылдарына оптикалық талшықты кабель жеткізу жұмыстары жүргізілмек, – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы, тәжірибелі маман, жастардың жетекшісі Құдабай Скендіров.
– Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу оңай емес. Техникаға сенім жоқ. Аяқ астынан сым үзіледі, тағысын тағы. Сондайда есікті теуіп кіріп, айқай шығаратындар да бар. Бәріне сабырмен қараймыз. Мәселені тез шешуге тырысып бағамыз.  Ұзақ жылдық тәжірибемізге сүйеніп кемшілік жібермеуге жұмыс істеп келеміз, – дейді мекемеде 1984 жылдан бері табанды еңбек етіп келе жатқан Райкүл Әбдікерова.
Осы салада еңбек етіп жүрген жас электромонтер Сексенбай Жиенбаевтың есімін жиі айтатын тұрғындар көп. Ол еңбекқор әрі жұмысына асқан жауап­кершілікпен қарайтын кадр. Ерекшелігі – тиянақтылығы мен міндетіне адалдығы. Кімге болсын кеңес айтып, көмек беруге дайын тұрады. Басшыдан мекемедегі белсенді жастарды сұрағанымызда да осы жігіттің есімін атады. Ол істеп кеткен іс қайта тексеруді қажет етпейді.
Түйін:
Жылт етіп жұртқа көрінбесе де өлшеусіз еңбек етіп жатқан сала қызметкерлерінің жұмысы ескерусіз қалмайды. 2017 жылы «Қазақтелеком» АҚ бойынша оңтайландыру үдерісін жандандыру мақсатында тәжірибе алмасу семинары біздің ауданда өткен. Бұл – аудандық байланыс торабы жұмысының жүйелілігі мен басқаға үлгі екенін аңғартады.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
04 мамыр 2019 ж. 1 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031