» » ӘЛЕМТОР АУЫЛҒА ҚОЛ ЖЕТІМДІ

ӘЛЕМТОР АУЫЛҒА ҚОЛ ЖЕТІМДІ

Адамзат баласының өмірі қарбалас тірлік. Жылдар – жылдарға ауысып,осы ауысқан жылдармен бірге қоғам да өзгереді. Тоқ етері, заман ағымына қарай адамзат күшімен өмір жаңаша кейіпке енеді. Міне, ХХІ ғасырдың да екінші ондығы аяқталуға жақын. Жер шарын мекендеген адамзат баласы осы ғасырдың басты жаңалығы ғаламторды басты азығы етті.
Расында да, ғаламтор деген не? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік. Ғаламтордың пайда болуы әрі де жатыр. Яғни, 1957 жылы Америка Құрама Штаты ғалымдары жер шарында ең алғашқы боп көкке жасанды серікті ұшырғаннан кейін бір-бірімен хабар алмасып тұратын құжаттарды құпия түрде және жылдым тасымалдайтын сенімді жүйе ойлап тапты. Міне, осы кезде оларға екінші бір ғалымдар тарапынан «ARPA» агенттік компьютерлік ақпараттар желісін құру ұсынылды. Ғалымдардың екі жақты тынбай еткен еңбегімен 1969 жылы ол желі іске қосылды, нәтижесінде «ARPANET» атты ғаламторлық жылдам ақпараттандыру желісі пайда болып, ол ғылымның әр саласы бойынша пайдаланыла бастады.
Ал, 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелес қаласындағы Калифорния университетінде әлемде ең алғашқы іске асырылған «ARPANET» сервері компьютер арқылы әр әріптің жазуын адамдар телефон арқылы бір-біріне айтып отыруға жеткізсе, 1971 жылы сала мамандары электронды жәшік арқылы хат жіберуге арналған бағдарлама ойлап тауып, ол да аталмыш желіні қолданушылар тарапынан өз пайдаланушыларын тапты. Сонымен қатар, 1984 жылы домендік аттар жүйесі, 1988 жылы ойлап табылған «NSFNet» желісі де кеңінен тарала бастады.
Міне, адамзат өміріне жаңаша өмір сыйлаған ғаламтордың маңыздылығын жо­ғары бағалаған Рим папасы Павел ІІ 1998 жылы 30-қыркүйекті ғаламтор күні деп белгіледі.
Ал, енді қазіргі кезде әлемде болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарды тез хабардар ететін қолданыс құралы атанған ғаламторды бүгінде адамзат баласының ең негізгі тіршілік қоры, яғни ішер суы да, жер тамағы да, тіпті ауасы деп те атауға болады. Нақтысын айтқанда, адам баласы үшін ғаламторсыз өмір жоқ десек қате айтпаған боламыз. Бүгінде қоғамымыздың басты құралы атанған осы ғаламторды қаланың үлкені де кішісі де пайдаланады. Ол мекемеде де, үйде де, мектеп пен балабақшада да бар. Ал, сол интернет ауылға жетті ме? Күндегі мал бағу, егін егу сияқты күйбің тірлікпен қоғамнан оқшау қалып отырған кейбір ауыл тұрғындары ғаламторға қосылуға қаншалықты құмар? Осы сауалға жауап іздеген біз «Қазақтелеком» АҚ «Оңтүстік-өңірлік телекоммуникация дирекциясына» қарасты Қармақшы желілік-техникалық цехына келдік. Мекеменің жетекші маманы Эльвира Бөрібаеваның айтуынша, бүгінгі күні ауданда 3573 абонент «АDSL» технологиясы бойынша интернеттің кең жолақты желісін пайдалануда. Сонымен қатар, маман бұл желіге ауданның барлық өңіріндегі мекеме, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік нысандар да қосылған.
Сондай-ақ, маман ғаламтордың кең жолақты әрі бүгінгі күні әлем бойынша ең тез қабылдайтын оптикалық-талшықты желісін қолдану мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын сөз етті.
Рас, жыл сайын аудан әкімі тұрғындармен өңір экономикасы мен халықтың әлеуетін арттыруға мақсатталған жұмыстарды сара­лауға арналған есепті кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілетін күрделі мәселелердің бірі – аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерді ғаламторға қосу, қосып қана қоймай заман талабына сай кең жолақты желімен қамтамасыз етуді жүзеге асыру сияқты сауалдар көтеріліп келе жатқаны білгілі. Осы ретте, тұрғындар сұранысын қанағаттандыру мақсатында ағымдағы жылы Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар және Тұрмағамбет пен Алдашбай ахун ауылы тұрғындарын бүгінде ғаламтордағы ең жылдам әрі сапалы желі болып есептелетін оптикалық-талшықты жүйесімен қамтамасыз ету жобасы іске асырылмақшы және одан әрі осы желімен Қуаңдария мен Көмекбаев ауылы тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
28 ақпан 2019 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031