Жиде жұпар шашқанда...
Бүгін таң арайланып атты. Кешелі бері ұйыса соққан дауылдан, тоқтамай жауған жауыннан бойын енді ғана тіктеген жиде ағашы самал желмен еркін тербеледі. Аңқыған таза ауамен араласа енді ғана жұпар шашқан жиденің иісі мұрныңды жарып барады.– Әй, кемпір? Күн жылып тұрған секілді. Күздің келгенін байқатпай тұр...