» » Тоғызқұмалақшылар топ жарды

Тоғызқұмалақшылар топ жарды


Төрт мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынына соңғы уақытта аса маңыз берілуде. Себебі бұл ойын жоғары интеллектуалды спорт түріне жатады. Ұлттық ойын тек Наурыз мерекесінде ғана ұлықталмай, жыл көлемінде насихатталып келеді. Дәстүрлі түрде өткізілетін Қызылорда кубогі 15-19 қыркүйек күндері Жалағаш кентінде болып өтті.
Бұл сайыста 7 ауданнан жиналған 42 спортшы бақ сынады. Облыстық додада өнер көрсеткен жерлестеріміз жеңіс төрінен көрінді. Аталған сында Ғибрат Әбжәлиев І орынды иеленсе, Мұрат Айжарықов пен Айбек Айзақов ІІ орынды, Аянат Жұмабек пен Малика Әлжанова ІІІ орынды қанжығасына байлап, аудан мерейін асқақтатты.
Жеңіс төрінен көрінген спорт­шы­ларға бағыт-бағдар беріп, ұлт­тық ойынды жаңғыртуда №15 ау­­дандық олимпиадалық ре­зер­­втің ма­мандандырылған мекте­­бін­дегі то­­­­ғызқұмалақ үйір­месінің жат­тық­тырушысы Әбу Төре­ма­хано­втың ең­бег­і зор.
– Тоғызқұмалақ ойыны – өс­ке­лең ұрпақ тәрбиесінде, олардың ин­т­еллектуалдық әлеуетін көтеруде, ойлау жүйесін дамытуда ерекше феномен. Бұл ойын түріне қазіргі жас­тар арасындағы қызығушылықтың мол болуы қуантады. Алдағы уақытта да атадан балаға мирас болған құндылығымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз, – дейді жаттықтырушы Әбу Әлжанұлы.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
05 қазан 2021 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728