» » Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Тоғызқұмалақтан жарыс өтті


Жуырда Төретам кентіндегі №85 орта мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарыл­ғанына 30 жыл толуына орай тоғыз­құмалақтан аймақтық дәстүрлі коман­да­лық жарыс өтті. Мақсат – тоғызқұмалақ ойынын кеңінен насихаттау, оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Жарысқа Төретам, Байқоңыр, Ақай ауылынан он мектеп қатысты. Жарыс айналма жүйеде жүргізілді. I, ІІ, және ІІІ тақта бойынша Айбек Айзақов, Ғибрат Әбжәми мен Мерей Абсаттар І орынды еншілесе, Айбол Оралбекұлы, Альбина Ерболатова мен Назым Абатбекова ІІ орынды қанжығасына байлады. Ал, Диас Насрадинов, Мухамедали Холов пен Ерасыл Бахыт ІІІ орынды місе тұтты. Сондай-ақ, командалар бойынша №85 мектеп I орын, №273 мектеп II орын және № 279 мектеп III орынды иеленіп, диплом-медальдармен, кубокпен марапатталды.
Азиза АБЛАКИМОВА,
№ 85 орта мектептің 10 сынып оқушысы.
13 ақпан 2019 ж. 3 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031