» » Қазақстандық спортшы самбодан әлем кубогының иегері атанды

Қазақстандық спортшы самбодан әлем кубогының иегері атанды


  
Атыраулық балуан Айбек Абдилов самбодан әлем кубогының иегері атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.  


Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 25-26 наурызда Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеуде самбо күресінен Харлампиев атындағы әлем кубогі өткен.
«Харлампиев атындағы әлем кубогі 1980 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл оған 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Дүбірлі додада атыраулық спортшы Айбек Абдилов 64 келі салмақта бақ сынады. Ол іріктеу кезеңінде ресейлік спортшыдан басым түсті. Жартылай финалда қырғыз палуанынан айласын асырды. Ал, ақтық сында өзбек спортшысын ұтып, Харлампиев атындағы әлем кубогінің иегері атанды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Айбек Абдилов әлемдік сайыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

29 наурыз 2021 ж. 1 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 961
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930