» » Египет антологиясына енді

Египет антологиясына енді


Соңғы уақытта поэзиясымен елдің назарын аударып жүрген Руслан Сәулебекұлының есімі өңірімізге кеңінен таныс. Ол ұзақ жылдан бері аудандық Өнер мектебінде балаларды өнерге баулып келеді. Қолы қалт еткенде жазу үстелінен табылатын музыканттың өлеңге деген қызығушылығы 2012 жылдан басталған.
– Сол кезде әлеуметтік желінің «Жазба ақындар» деген тобында бар болатынмын. Бастапқыда мән бермедім. Аз-маз әзілдесіп, желіні жел сөзбен толтырып жүрдік қой. Кейін келе өлеңге шыныменде көңілім кетті. Сол кездерде Серік Сейтман, Қалқаман Сарин, Бақыт Беделхан секілді белгілі ақындардың өлеңдерін көп оқыдым. Әдепкі таныстық әлеужелі арқылы болғанмен, көп ұзамай Алматыда ортамызға Исрайл Сапарбай ағамызды алып, басқосулар өткіздік. Ішкі ойымызбен бөлістік, сыр алмастық. Өлеңдер тыңдап, рухани қуаттандық, – дейді шығармашылық ортаның белді мүшесі.
Әуеліде ақынның қаламынан ту­ған жер, махаббат жайында өлеңдер туса, қазір саналуан тақырыпты қам­тиды. Русланның өлеңдері республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ ха­лықаралық деңгейде де танылып жүр.
Мысалы, «Қырғыз ақындары мен жазушылары» қоғамдық қо­рының ұйымдастыруымен өткен Қыр­ғызстанның белгілі ақыны Гүлсайра Момынованы еске алуға арналған еларалық байқауда жерлесіміз І орынды жеңіп алып, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Ауғанстан, тағы басқа да мемлекеттерден қатысқан үміткерлерден бәсі жоғары түскен. Одан бөлек, «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбындағы респу­бликалық мүшәйрадан І орынды олжалаған Руслан бауырымыз Қырғыз елінде өткен «Ыр – 2020» халықаралық мүшәйрасында да бас жүлдені иеленген. Оған қоса, Шыңғыс Айтматов атындағы төсбелгіні тағынып, «Алтын қауырсын» атты Гран-приге лайық деп танылған. Қазір ол Қарағандыда өтіп жатқан Қасым Аманжолов атындағы республикалық мүшәйраға қатысуда. Байқау қорытындысы қазан айында шығарылмақ. Бұл додаға Руслан өзінің Тәуелсіздікке, Қ.Аманжоловтың өміржолына арналған және еркін тақырып бойынша бірнеше өлеңін ұсынып қойған.
Жақында жерлесіміздің жағымды жаңалығының куәсі болып отырмыз. Оның «Майданнан хат» атты өлеңінің аудармасы Үндістанның «Otteri Selva Kymar» (журналдың иесі әйгілі үндістандық ақын Оттери Селва Кумар) халықаралық әлеуметтік әдебиеттер журналында жарияланса, келесі сүйінші хабар – Египетте жарық көрген «Жібек жолы» (авторы Ашраф Абоул Язид, Ашраф Дали) атты халықаралық онтологияға өлеңінің енгені белгілі болып отыр. Бұл жинаққа 40-тан аса мемлекет ақындарының 100-ге жуық өлеңі қамтылған. Соның арасынан Р.Сәулебекұлының туған ел туралы жыр шумағының кіріп отырғаны – елеп, екшеп айтарлық жайт.
Ақынның айтуынша, ол бүгінгі таңда «Янги овыз» халықаралық деңгейдегі ақын-жазушылар одағының мүшесі ретінде көптеген елдің ақындарымен тығыз байланыста. Оның ішінде Египет, Сальвадор, Гондурас, Панама, Никарагуа сынды елдерге ортақ әмбебап ақын-жазушылардың одағы құрылған. Оның президенті – Марвин Агуилар Рамос деген жігіт. Міне, осы азаматтар ұнаған өлеңдеріне аударма жасап, өздерінің жергілікті баспасөзіне жариялап отыруды үрдіске айналдырған.
– «Саған ақындық қасиет қайдан келген?» деген сұрақты маған жиі қойып жатады. Негізі нағашы жұртта ақындар болған. Кезінде облыстық «Сыр бойы» газетінде меншікті тілші, бөлім меңгеруші болып қызмет еткен әрі соғыс ардагері Құрманғали Ажаров менің туған нағашым. Сондай-ақ марқұм әжемнің де қалам ұстайтыны бар еді. Жалпы өлеңді шабытпен жазған дұрыс. Өзіңді қинап жазған өлеңде бір олқылық шығып тұрады. Кейде 2-3 апталап, айлап жазбай кететін кезім болады. Себебі өлең шабытпен жазылғанда ғана жақсы шығады. Алдағы мақсатымды сұрасаңыз – әлі де ізденіп, жеке кітабымды шығаруды жос­парлаудамын, – дейді ақын.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
05 қазан 2021 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031