» » » ӨНЕРДІҢ ШАМЫН ЖАҚҚАН ҰСТАЗ

ӨНЕРДІҢ ШАМЫН ЖАҚҚАН ҰСТАЗ

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», – деп һакім Абай айтқандай, өнер өлкесіне өзіндік өнегесін қалдырып келе жатқан жанның бірі – Руслан Диханбаев. Жанына баянын серік еткен ұстаз 2001 жылдан бері кент орталығындағы Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық әуез мектебінде шәкірттерге дәріс береді.
Ақжар ауылының тумасы Руслан орта мектепті ойдағыдай бітірген соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Филология және өнер» факультетіне оқуға түседі. Жоғары білім алған қағілез жігіт 2001 жылы Т.Салқынбайұлы атындағы мектепке жұмысқа орналасып, бүгінгі күнге дейін сонда абыройлы еңбек етуде.
«Әке көрген оқ жонар» дегендей, Руслан баян аспабын әкесі Сәулебектен үйренеді. Жастайынан әке өнеріне тәнті боп ер жеткен бозбала келешек мамандығын осы аспаппен байланыстырады. Ол бүгінде әуез мектебі жанынан құрылған орыс ұлт аспаптар ансамблінің, ұлт аспаптар оркестрінің және «Ерлер» вокальдық тобының, сондай-ақ «Жыр күмбезі» фольклорлық ансамблінің баяншысы.
– Бір қызығы, әкем баянды өз бетінше үйренген. Бала кезден сол кісіні тыңдап өстім. 1988 жылы Ақжардан әуез мектебі ашылып, жұмысын бастады. Осы кезде Айым Тұрымбетова, Несібелі Табынбаева сынды ұстаздардан тәлім алды. Інім Нұрсұлтан да баянда ойнайды. Ал, Дастан бауырым ән салып, гитара шертеді, – дейді Руслан Сәулебекұлы.
Айта кетерлігі, орыс ұлт аспаптар ансамблі – облыстағы бірден-бір өнер ұжымы. Бірнеше жылдан бері түрлі байқауларға қатысып, лауреат атануда. Онда баяншы Р.Диханбаевтың да қомақты үлесі бар. Ол баян тартумен қатар, ойынан өлең құрайтын ақындықты да жанына серік еткен. Үстіміздегі жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыда ұйымдастырылған республикалық жыр мүшәйрасының бас бәйгесін жеңіп алса, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні қарсаңында өткен аудандық жазба ақындар мүшәйрасында биік тұғырдан көрінді. Ұстаздың шәкірттері де көптеген байқаулардан топ жарып жүр. Атап айтар болсақ, Камила Мұсабай республикалық байқаулардың жеңімпазы болса, Нұртөре Батырбек аудандық «Жас музыканттар» байқауының ІІ орын жүлдегері.
– Қармақшы – өнер ордасы. Жүз шайыр мен жырауды дүниеге әкелген киелі мекен. Осындай жерде туылып, бала бойына өнер шамын жаққаныма ризамын. Мен үшін мамандығым мен өзім еңбек ететін әуез мектебінің орны бөлек. Алдағы уақытта да оқушыларымды баян аспабына баули бермекпін, – дейді Руслан Диханбаев.
«Алты Алаштың баласы басын қосса, төрдегі ең қастерлі орын мұғалімге тиесілі» деген М.Жұмабаевтың сөзі ешқашан құнын жоймақ емес. Білікті ұстаздан тараған білім – күн тәрізді сәулесін алысқа шашады. Русланның да талай шәкірті өнер биігін бағындырарына күмән жоқ.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
14 тамыз 2018 ж. 1 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031