» » Жолдау жүктеген міндет көп

Жолдау жүктеген міндет көп

«Жаңажол» ЖШС төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Төлепов шаруашылық қызметкерлеріне Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау жиынын өткізді. Онда Жолдауда көтерілген өзекті мәселелер сараланды.
– Елімізді нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдау барлық саланы түгелдей қамтыды. Атап айтқанда, пандемиядан кейінгі экономикалық дамуды қайта қалпына келтіру, ауа-райының қолайсыздығы салдарынан мал шаруашылығы биылғы жылы айтарлықтай қиыншылықтарға түйткі болды. Осыған орай Үкіметке арнайы тапсырма берілді. Бұл ауылдық елді мекен тұрғындарына айтарлықтай көмек болмақ. Қазіргі таңда ауылдық елді мекендерде жайылым жерлерін жеке меншік иеленіп, жайылым жерлері маңызды мәселеге айналғаны баршаға белгілі. Осы тұста жаңа реформаның қабылдануы алдағы уақытта ауыл шаруашылығына кең өріс бермек. Сондай-ақ жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесін де айналып өтпей, оларға мол мүмкіндіктер сыйлайтын кезең жеткенін де атап өтті. Егер жас мамандарға мемлекет қолдау көрсетсе, Қазақстан дамыған мемлекеттер қатарынан көрініп, ел экономикасы жанданатындығы анық. Сіздерді де Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау жолында қалыс қалмай, өз еңбектеріңіз арқылы қолдау білдіруге шақырамын, – деді Орынбасар Төлепов.
Жиынға қатысқан қызметкерлер Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарын талқылап, бірауыздан қолдау білдірді.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
05 қазан 2021 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031