» » Жиде жұпар шашқанда...

Жиде жұпар шашқанда...


Бүгін таң арайланып атты. Кешелі бері ұйыса соққан да­уылдан, тоқтамай жауған жа­уыннан бойын енді ғана тіктеген жиде ағашы самал желмен еркін тербеледі. Аңқыған таза ауамен араласа енді ғана жұпар шашқан жиденің иісі мұрныңды жарып барады.
– Әй, кемпір? Күн жылып тұрған секілді. Күздің келгенін байқатпай тұр ғой. Кел, орындыққа отыр, – деп да­уыстады Әлібай ақсақал жиде астына жайғаса.
– Қаншама жыл, қаншама күз өтті... – деп терең күрсінген Самал әже бүгін тағы да көз жасына ерік берді.
Арқасынан баяу қаққан отағасы іш­тей тынса да, кемпірін жұбатқандай болды.
Күз келгенде күзбен бірге бұл екеуі­нің қатты күңіренетіні бар. Ондайда жиде ағашының астына келіп, ескі орындыққа жайғасып, өткен-кеткенді еріксіз еске алады. Бұрынғы естелік суреттері де сол күйі қобдишада сақталып, осы сәтте еске алудың кейіпкеріне айналады...
Ол кезде күздің алғашқы күндері еді. Қатты жауын тоқтамай, соққан жел де есесін бермей дал. Үйіне асыққан жалғыз ұл жеңіл көлікті тізгіндеп келеді. Қалаға кеткені кеше, қонақ болып қайта үйіне шықты. Артқы орында зайыбы мен қос ұлы ұйықтап келеді. Кенет тарс еткен дауыс қатты шықты. Шытынаған терезе, сақыр-сұқыр еткен жағымсыз дауыс. Болды. Сол күйі әке-шешесіне асыққан ұл жарты жолда ажал құшты. Ұлынан, келіні мен қос немересінен айырылған қариялар ендігі өмірінің мәні жоғын ұқты. Ұққанмен не пайда, тірі адам тіршілігін жасайды емес пе? Зырғып уақыт өтіп жатыр. Арада өткен бірнеше жыл қарт ерлі-зайыптының өмірін жеңілдете қоймады. Тек, тек күз келерде, жиде жұпар шашарда екеуі ентіге жиде ағашының астына келіп, балаларын еске алады. Көлік апаты боларда құлази көшкен қара бұлт пен ентіге соққан дауылдан соң жидек ағашы жұпар шашып, иісі аңқып, құшағын кеңге жа­йып еді. Ағаш тамыры тереңге бойлай берген сайын естелік те естен мықтап кетпей қойды. Керісінше, жыл сайын көктеп, әдемі дәм мен тәтті дән беруін тоқтатпады. Содан болар, Әлібай ақсақал мен Самал әжей осы жиде ағашын өз балаларындай қабылдап кетті.
...Бүгін де сол, етжаны езілген қос қария құлазыған күйі жиде ағашының астына отырды. Арада өткен 10 жыл. Сол жылдармен ілесе бүгін тағы да жиде ағашы жұпар шашып тұр...

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
05 қазан 2021 ж. 1 097 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031