» » Мәуе берсем, жейсіз бе?

Мәуе берсем, жейсіз бе?

Жалпы, күз мезгілі Алла тағаланың үйіп-төгіп берген ырзық-несібесін шашпай-төкпей жинап алып, арқаны кеңге салған керемет шағы емес пе? Жерін баптай білген диқан берекелі күзде астық пен жемісін қаптай біледі. Күріші бітік аймағымыз Сыр салысымен ғана мақтанбайды. Басқа өңірге қарағанда жиде ағашы бізде бітік шығады.
Пайдасы ұшан-теңіз жемістің ең көп өсетін жері – ауданға қарасты Алдашбай ахун ауылы. Мұнда мәуелі ағаш болмайтын үй жоқтың қасы. Кемі 2, бары 30-40 түпке дейін еккен. Жеміс ағашы жазғытұры гүлдейді. Ақсары түске еніп, қауыз жарғандағы жұпар исі шартарапты шарпып, танауды қытықтайды. Шілденің алқымыңды қысар аптабында мәуелі ағаштың көлеңкесінде отырып демалғанда табиғаттың сыйына таңдай қағасың. Табиғат дейтін жөніміз бар. Бұл адаммен егіз ұғым. Өйткені бірінсіз біріне өмір жоқ. «Бабын тап та, бақ өсір», «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын» деген ата сөздің астарында табиғатқа деген жанашырлық пен мол байлық астасып жатқандай.
Өткен жиналыстардың бірінде аудан әкімі әр ауыл басшысына өз ауылынан өндірістік кәсіп көзін ашуды тапсырған. Сонда Алдашбай ахун ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Машарап Шоқпаров осы ауылдағы дәмі тіл үйірер жеміс – жидені арнайы кәсіп етуге болатынын айтып қуантты. Екі үйдің бірінде кездесетін өнім ауылда аса таңсық болмағанымен шалғайдағылар жиі сұрайды. Зерделеп қарасақ осы тектес тың кәсіп ашатын дүниелер көп. Бірақ көзін таппай жүрген тәріздіміз. Бұрын-соңды қанша бітік шыққанымен аяқ астында қалып, құсқа жем болатын. Қазір жұрт пайдасын түсінді.
Бірде қатты тұмауратып ішпеген дәрім қалмады. Сонда жақын туысым 1 банка мәуенің тосабын әкеп берді.
– Шайға салып 2-3 күн ішсең тұмауың сап тиылады, суықты алып түседі, – деді ұсынып тұрып. Қызанақтың тосабын қайнатқанымда үйге келген қонақ қышқыл дақылдан қалай тәтті дүние шығады деп таңқалған. Мен де жиденің тосабын көргенде дәл сондай сұраққа қалдым. Несін жасырайын, аурудан құлантаза айықтырады дегеніне сенбедім. Сөйткен тосап ішкі ағзадағы ішек жолының жұмысын жақсартып, иммунитетті жоғарылатады екен. Өз өлкеміздің табиғи өнімін тұтыну, оны пайдаға жарату қандай керемет?! Ата-бабамыз жиденің емдік қасиетінің зор екенін жақсы білген. Қара жидені әбден күнге кептіріп алып, келіге түйдіріп, содан соң оны диірменге тартып, талқан еткен. Жазда баланың іші кетіп тоқтамаған жағдайда беруге болады. Мұны қазақы емшілерде жақсы білген. Гүлінің құрамында эфир майы, жапырағында аскорбин қышқылы бар. Сабағы мен бұтағының құрамында бояу заттары кездеседі. Оны құм тоқтатуға, жыра, арық өзен бойын, қаланы көгалдандыруға пайдаланады. Гүлінен хош иісті май, иіс су алынады.
Иә, шығыны аз, пайдасы көп, сұранысқа ие табиғи өнімді ысырап етпей, кәсіп көзіне айналдырсақ құба-құп.
Алдашбай ахунның тұрғыны 20 жастағы Жаңабай Әбдіқалиевтің ауласында жиденің 3 түрлі сорты өседі. Бұдан бөлек алма, алмұрт, жүзім, сары, қара өріктің де бірнеше түбі өскен.
– Құтты қонысқа биыл көшіп келдік. Үйді сатып аларда бірінші бау-бақшасына қызықтық. Күтіп баптасаң бір отбасын асырайтын өнім беретін түрі бар. 30 түп жиде ағашының жемісін толық жинамадық. Жерге түскенінің өзі 15 қапты толтырды. Келісін 400-500 теңгеден Жосалы мен Қызылордаға жөнелтудеміз. Ал Астана мен Алматыда 1000 теңгеге дейін саудаланатынын естідік. Әрбір екі үйде болған соң ауыл балалары құмарта қоймайды. Алыстағы туыстар жеңсік асты жиі сұратады, – дейді жас бағбан.
Жиде ағашында ғажайып мінез бар. Оның бұтағын қаншалықты сықпыртып ұрсаң, келесі жылы ол соншалықты мол жеміс береді дейді үлкендер. Туған өлкеде табиғатқа төзімді осындай ағаштардың өсуі қолайлы. Зерделеп қарасаң жиде ағашы күтімді қажет етпейді. Өз бетімен өсетініне қарағанда біз білмейтін сыры әлі көп.
Бірақ ауыл тұрғындары қасиетіне қанықпай, көбіне тіршілік қамы үшін отын ретінде пайдаланады. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себеппен ластануына байланысты адамда кездесетін ауру түрі көбейді. Өкініштісі айналамызда өсіп тұрған емдік қасиеті бар ағаштарды тани бермейміз. Сол ауруды жиде жемісімен емдеу жолын білсек, қане. Әр азамат өз елінің табиғатын танып, емдік шөбін қолдана білсе, саламатты өмір кепілі болмас па еді?!

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
18 қараша 2019 ж. 5 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031