» » Бригадир Бақытжан

Бригадир Бақытжан

Алқапта бірқатар диқан жиналып қалыпты. Егінге орақтың түскеніне де айдан асты. Қаз-қатар тізілген комбайндар саптағы сарбаздай. Жақын барып бұйымтайымызды жеткіздік. Жиналған ел ағалары: «Міне нағыз бригадир» деп ортаға жігіт ағасын шығарды. Ол – «Достық Жер МК» серіктестігінің №2 егіс бригадасының бригадирі Бақытжан Меңлібаев болатын.
Аграрлы саланы жетік меңгерген ауыл диқандары жыл өткен сайын еңбек өнімділігін арттыру үстінде. Жаз бойы бел жазбай еңбек етіп, сол еңбектің жемісін «Алтын күзде» көргендер биыл да өткен жылғы межеден асып түсуді көздеуде. Облыста жыл қорытындысы бойынша аудандар арасынан алдыңғы қатардан көрінген биыл да жақсы нәтижеге қол жеткізеріне аудан биыл да жеңімпаз атануына сенімді. Мол табыс – халықтың несібесі. Бұл өз нәпақасын жерден көріп жүрген еңбек адамдарының жанқиярлық жұмысының жемісі. Оның ішінде ауданнан Бақытжан Меңлібаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткішке жеткені үшін 9 жыл қатарынан чемпион атанып келеді. Оныншы жылдың үздік нәтижесін де көрсетеміз деген ниетте.
– Жұмыстың оңайы жоқ. Егіс басындағы қызу тірлік көктемнен басталады. Бұл да бала секілді. Жер қойнауына дәні себілгеннен күтіп-баптау қажет. Күзде жайқалған ақ күрішті төкпей-шашпай жинап алсақ болғаны, – дейді ол.
Б.Меңлібаев – тәжірибелі маманның бірі. Диқандармен бірлесе жұмыс істеп, Сыр маржанын күтіп-баптап, жинап алуда егіннің басы-қасында жүреді.
Бұл күнде Меңлібаевтар отбасы сегізінші перзентін күтуде. Қамқор әке еңбектің наны тәтті екенін балаларына үйретіп жүр.

14 қазан 2019 ж. 1 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 720
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 454

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031