» » ЕҢБЕК ӨСІРГЕН ЕР

ЕҢБЕК ӨСІРГЕН ЕР

Дән сабағы келіндей иіліп, қауызы толған күріш желмен әрлі-берлі тербеледі. Сом комбайн гүрілі егістік танабын әсем әнге бөлегендей. Ғажап дыбыс шығарады. Шайдай ашық аспан астында еңбек ерлері жұмыстың көркін қыздыруда. Осы бір сәттің қайталанбас көрінісін тамашалағандай бір жігіт алысқа көз тастайды. Бұл – «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №4 егіс бригадасының бригадирі Мейірбек Аманбалаев еді.
Биыл Мейірбектің бригадир жүгін арқалағанына сегі­зінші жыл. Өзін жұмыстың сан түрімен сынап көріп, одан сүрінбей өтіп келе жатқан білікті маманның көкейге тоқығаны аз емес. Егін шаруашылығы – оған жас кезінен таныс. Құрғақ сөзден гөрі, тәжірибеде жүзеге асырғанға көбірек мән беретін Мейірбектің қай кезде де адами болмысы мен кісілік қасиеті осы. Өзі басшы болып, басқасы қосшы болып екі қолға бір шылбырды мықтап ұстаған оның егіс бригадасы бүгінде озаттар қатарында. Жауапты науқанға тас-түйін дайындықпен келгені бірден көрінеді.
– Жұмысымыз – күріш егу мен оны ысырап етпей уақы­ты­лы жинап алу. Қарама­ғымызда 522 гектар жеріміз бар. Оған күріштің «Торем-хошеми», «Лидер» және «Янтарь» сынды түрлері егілді. Науқанға 8 звеновод-сушы тартылса, оның 3-еуі қазіргі таңда жұмысын аяқтады. Сондай-ақ, 2 аспаз, қарауыл, жүргізушілеріміз бар. Барлығы – 7 техника жұмыс істеп тұр. Ауа райы жайлы болса он күннің ішінде егін жинауды қорытындылаймыз деген мақсатымыз бар алдымызда. Жалпы, дала қосында жұмысшыларға жағдай жасал­ған. 2-3 мезгіл тамақ беріледі. Техникалардың дені – су жаңа болған соң, өнім алуда жоғары көрсеткішке қол жеткіземіз деген үмітіміз де жоқ емес. Күріштің шығымы – өте жақсы. Оған сәйкес, техникалар да жұмысқа сақадай сай, – дейді бригадир.
Тыңғылықты жұмыс істеп, тындырымды ісімен жақсы нәтиже көрсетуде егінжай ер­­лері­нің еңбегі ерекше. Олар­дың қатарынан Жарқын Жақсы­лықов, Руслан Қарғабаев, Ғалым Алданышов, Съезбек Аяпов, ағалы-інілі Теміржан мен Бауыржан Күшікбаев, Бақытжан Жұмабаев, Қанат Жәкеновтерді мақтанышпен атауға болады. «Ер дәулеті – еңбек», – дейді дана қазақ. Елдің ырысын маңдай терімен тасытып жүрген дала дарабоздары қашан да құрмет төрінде.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
09 қазан 2018 ж. 1 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 274
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031