» » ЕГІНШІНІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ

ЕГІНШІНІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ

«Тұрмағамбет» ауылындағы білікті сала маманы, халық қалаулысы Нұржан Пірмантаев басшылық жасайтын «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қырманына келгенімізде егістік алқаптан келген күрішті тазалауда қызу еңбек етіп жатқан қырманшылардың үстінен түстік.

Тілшілер қауымы қашанда еңбек адамдарының елеулі еңбегін ел-жұртқа жариялаудан танған емес. Осы жолы да біз олардың тынымсыз тірліктерін елге жария етуге келгенімізді білген қырманшылар бізді жақсы көңіл-күймен қарсы алды.
Екі күріш тазалау агрегатымен егістік бригадалардан жеткізілген күріш дақылын тазалауда белсене еңбек етіп жатқан қырман жұмысшыларының кезек (смена) басшысы Жанар Құлданова, механик Марат Арыстанбаев, электрик Сұлтан Ахметов және Ғалия, Жеңісбек, Қылышбек, Жанна, Ба­уыржан, Кенжебек, Азамат, Аңсатбек есімді жұмысшы қыз-жігіттердің еңбегіне сүйсініп, істеп жатқан игі істеріне сәттілік тілеген бізге олар егінді төкпей-шашпай жинап алуда аянбай еңбек ететіндерін, ел қамбасына мол өнім құюға сүбелі үлес қосатынын жеткізді.
Келесі кезекте біз Ақтөбе ауы­лына аялдап, өткен жылы Сыр маржанын өндіруде аймақта үздік атанған Нұрлан Іздібаев басшылық жасайтын «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қырманына аялдадық.
Ауласы гүлмен көмкеріл­ген, қырманда тау-тау болып үйіл­ген күрішті көргенде, шынымен де шаруашылық еңбеккерлерінің іскер­лігіне тәнті болдық. Қырман басындағы қызу тірлік басына келген шаруашылық басшысы Нұрлан Тұрғанбекұлы бізге шаруашылық бойынша биылғы егін жинау науқанында атқарылып жатқан жағымды жаңалықтарын жайып салды. Нақтырақ айтқанда, бидайды орып болып, оның әр гектарынан 16 центнерден алғанын, мақсарыдан да жоғары көрсеткішке ие болғанын айта келе, мал азығы жоңышқа да бітік өсіп, мына жағы Арал, Қазалы, ал мына жағы Жалағаш пен Тереңөзек ауданы тұрғындарын қамтамасыз етіп жатқанын тілге тиек етті. Биыл 1800 гектар алқапқа күріш дақылын, оның ішінде 300 гектарға ирандық «Тором Хошими» сортын екенін айтып, бүгінде оны ысырапсыз әрі уақытылы жинап алуда 150 адам аянбай еңбек етіп жатқанын жеткізді. Алла қаласа қазан айының басында бұл жұмыс та өз мәресіне жететінін сөз етті.
Содан соң сөз алған шаруа­шылық басшысының орынбасары Қалдыбек Құлмырзаев бүгінде қырман меңгерушісі Үсенбек Сәденовтың басшылығымен қырман басында 3 кезек бойынша 60 адам егістік алқаптан жеткізілген күріш дақылын 4 тазалағыш, 2 астық тиегіш арқылы жұмыс жүргізіп жатқанын, егістік алқаптардан күніне 5-6 центнерден күріш жеткізіліп жатқанын жақын күндері, яғни жұ­мыс ауқымы көбейген кезде ауыл­дағы жұмыссыз жастарды осы іске тартатынын да айтып өтті.
«Егіншінің бір күні – жылға азық», – дегендей, егінші қауым бүгінде сонау көктемнен бастап ала жаз бойы балаша баптап-өсірген егінін ысырапсыз жинап алуда аянбай еңбек етуде. Диқаншы қауым да өткен жылға қарағанда биылғы өнім мол болады деп күтуде. Сала майталманы Нұрлан Іздібаевтың «Біз өткен жылдан да мол өнім аламыз» деп өзіне нық сенімі дәлел ма дейміз.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
24 қыркүйек 2018 ж. 3 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031