» » » «МУЗА» ЕГІНШІЛЕРДЕ ҚОНАҚТА

«МУЗА» ЕГІНШІЛЕРДЕ ҚОНАҚТА

Айтпақшы, біз егістік басына келгенімізде Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Ерлан Құлмырзаев бастаған көркемөнерпаздар егінжай ерлеріне арнап концерт дайындап келген екен. Ал, диқаншы қауым болса өнерпаздарды қоршай отырып алыпты.
Міне, егіншілер алдына ду қол шапалақпен биыл аудан жұртшылығына өздерінің әсем ән-жырларын ұсынып, құрметке бөленіп жүргеніне 5 жыл толған, құрамында түрлі халықаралық, республикалық өнер байқауларында жеңімпаз атанған Тоғзан Бақытова, Зарина Ибрагимова, Бибімариям Серік сынды жас дарын иелерінен құралған «Муза» триосы шықты. «Муза» триосының көркемдік жетекшісі Ақмарал Кішкентаеванының жүргізуімен өткен концертік бағдарламада өздерінің әсем әндерімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жас өнерпаздармен бірге есімдері аймағымызға танымал Айна Оңалбаева, Ғалымжан Шәкизада сынды талант иелерінің өнеріне егіншілер қол соғып, құрмет көрсетті.
–Биыл «Муза» триосына 5 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында аталмыш өнер ұжымы көптеген халықаралық, республикалық ән-жыр байқауларында бақ сынып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Киелі Қармақшы өңірінде ата-бабадан мирастыққа жалғасып келе жатқан әншілік-жыршылық өнердің дамуына үлес қосып келе жатқан майталман мамандардың қатарын толықтырды. Міне, бүгін олар Тұрмағамбет ауылына келіп, егінжай ерлеріне концерт беруде. Бізге осындай қабылдау ұйымдастырып, халық алдына шығуымызға қолдау көрсеткен халық қалаулысы, шаруашылық төрағасы Нұржан Пірмантаевқа айтар алғысымыз шексіз, – дейді «Музаның» көркемдік жетекшісі Ақмарал Бақбергенқызы.
–«Ән көңілдің ажары» демекші, бүгін біз біраз ән-жыр тыңдап, көңіліміз көтеріліп қалды. Бұрындары елімізде Кеңестер Одағы өкіметі дәуірлеп тұрған жылдарда аудан орталығынан, құрамында әнші-бишілері мен кино және кітапханашылары бар мәдени-үгіт бригадасы келіп, егіншілер мен малшыларға мәдени қызмет көрсететін-ді. Міне, бүгін сол ұмыт болған үрдісіміз де қайта ортамызға оралуда, осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз, – дейді егін майталманы Сәлімгерей Қалтаев.
Иә, «Ән болса, нан да болады» деп сонау Кеңестік дәуірде егіншілер қауымы ұрандағандай, бүгінде дала майданының сарбазы атанған тәуелсіз еліміздің диқаншы қауымы үшін ала жаздайғы баптап өсірген егінін алдағы келе жатқан жиым-терім маусымында төкпей-шашпай жинап алу басты міндет. Десе де, диқаншы қауым қашанда ән мен еңбектің егіз екенін жақсы біледі.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
14 тамыз 2018 ж. 1 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031