» » » Қазақстандық пианист Нью-Йорк сахнасында өнер көрсетті

Қазақстандық пианист Нью-Йорк сахнасында өнер көрсетті

Қазақстандық пианист Хадиша Оңалбаева әлемге әйгілі Карнеги Холлда өнер көрсетті. Ол – АҚШ мұғалімдерінің ұлттық музыка лигасының мүшесі, Алабама штатының Мобил университеті профессоры және фортепиано факультетінің деканы. Талант иесі Нью-Йорк төрінде өзінің жазған туындыларын, Бетховен мен Чайковскийдің шығармаларын және қазақтың әсем әуендерін орындады. Ахмет Жұбанов атындағы мектеппен Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі түрлі халықаралық сайыстардың жеңімпазы. Өнер жолындағы білімін шыңдау үшін Жаңа Орлеан университетінде магистратура оқып, Луизиана штаты университетінде доктор дәрежесін алды. Америка жұртшылығына «Таңғаларлық кербез» және «Бірге ойланайық» атты өз туындыларын паш етті. АҚШ-та жұмыс істеп жүрген 15 жыл ішінде Steinway Artist жүлдесін жеңіп, 2017 жылы Алабама штатының үздік әртісі атанды. Жерлесіміздің виртуоздық ойынын көрермендер ерекше қошеметпен қарсы алды. Концерт аяқталғаннан кейін талант иесі келген қонақтар мен кешті ұйымдастыруға көмектескен Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығына алғысын айтты. Хадиша Оңалбаева, музыка профессоры, пианист және сазгер: – Бүгінгі кешке келген қонақтардың бәріне алғысымды айтқым келеді. Көрермендер арасында көптеген досымды көріп, қатты қуандым. Осы сәтті қолдана отырып, Астанадағы әріптестеріме сәлем жолдағым келеді. Бір жыл бұрын филармония оркестрінде өнер көрсеткен едім. Сонымен қатар келе жатқан Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Осындай керемет қаланың одан ары өркендеп, жылдан жылға көркейе беруіне тілекшімін. Крис Майер, Steinway piano өкілі: – Хадиша Оңалбаеваның бүгінгі кеші тамаша деңгейде өтті. Оның орындаушылық шеберлігінде мін жоқ. Ол – АҚШ-та Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген талант иелерінің бірі.

11 маусым 2018 ж. 1 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031