» » » Қазақ әндері Мәскеуде шырқалды

Қазақ әндері Мәскеуде шырқалды

Қазақ әндері Мәскеуде шырқалды Мәскеуде халықаралық конкурстардың лауреаты Қуат Бағысбектің жеке концерті өтті.
Қазақстандық тенор «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Федор Шаляпин атындағы музейде өнер көрсетті. Әнші әлемдік опера жауһарлары – Чайковский, Пуччини, Верди операларынан ария шырқап, қазақ халық әндерін Мәскеу аспанында әуелетті. Сонымен бірге Балнұр Қыдырбек, Владимир Стригоцкий-Пак пен Хабибулла Сетеков сынды қазақстандық композиторлардың шығармаларын да өнерсүйер қауымға тарту етті. 
Қуат Бағысбек, әнші:
- Осы концерт «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп жатыр. Концертте Чайковскийдің, Верди, Пуччинидің және де көптеген еуропалық, шетелдік композиторлардың туындыларын, халық әндері мен Қазақстан композиторларының шығармаларын орындаймын.
Маржан Жақсымбетова, көрермен:
- Мен үшін бүгін қазақ әнінің шырқалғаны теңдессіз сый болды. Біз бұл концертке бүкіл жанұямызбен арнайы келдік, өйткені Мәскеуде туып-өскен балаларымды қазақтың төл мәдениетімен, қазақ музыкасымен таныстырғым келді.

20 ақпан 2018 ж. 1 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 029
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 254

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031