» » » Украинада тұратын қазақ қызы халық әндерін әлемге әйгілеп жүр

Украинада тұратын қазақ қызы халық әндерін әлемге әйгілеп жүр

Украинада тұратын Назгүл Шоқаева есімді күміс көмей, жез таңдай қандасымыз бүгінде бүкіл әлемге қазақтың халық әндерін әйгілеп жүр.
Сирек дауыстың иесі сопрана, авангард, блюз, джаз және заманауи академиялық музыканы орындап, Еуропа халқының сүйікті әншісіне айналған. Өресі биік өнерпаз домбыра мен қобыздың адам жанын емдейтін ерекше қасиеті бар деп санайды.
Украина көрерменінің көңіл мен көз қуанышына айналған қазақтың қызы – Назгүл Шоқаева – шетелде жүріп, халық әндері «Қосни Қорлан», «Маржан-ай», «Айқаракөз» әндерін танытып жүрген талантты әнші. Еуропа жұртшылығы қазақтың тілін білмесе де, Назгүл арқылы қазақтың әндерін, «Тұран» мен «Абылайхан» сияқты термелерін жүрегіне жақын қабылдайтын болған. Тыңдаушылардың қазақ әніне ерекше ықыласын байқаған ол он жылдан бері Asia Tengri Jazz жобасын мықтап қолға алады.
Назгүл Шукаева, әнші:
– Ойламаған жерде бұл жобам Украина мен Еуропаның ыстық ықыласына бөленіп, халық әндеріне сұраныс артты. Мен сол кезде адамның тегі мен тамыры қандай қасиетті деп таңғалдым. Халықтың ұлттық саз аспаптарымен бірге орындалған туындының энергетикасы мықты, адамның жанын да емдей алатын қасиеті бар деп білемін.
Әнші Назгүлдің елден кеткеніне 20 жылға жуық уақыт болған. Туған жеріме деген ғаламат сағынышымды басу үшін шығармашылықтың осы түрімен айналысып жүрмін дегенді айтады. «Ең басты мақсатым – қазақтың халық әндерін әлемге әйгілеу», – дейді ол. Ол үшін Америка мен Британияның майталман әртістеріне де халықтың әнін айтқызып, тыңдаушылардың махаббатына бөленген.
Назгүл Шукаева, әнші:
– Украина және Еуропа халқын қазақтың музыкасы арқылы салт-дәстүрімен таныстырғым келеді. Еліме деген махаббатымды таныту үшін он жыл бұрын «Азия тенгри» жобасын қолға алдым. Қазақстаннан домбырашы, қобызшыларды шақырып, Грэмми сыйлығына ұсынылған Америка мен Британияның атақты Джон Холмсы мен Бенито Гонсалесін концертіме шақырып, украиналық композиторлармен бірігіп, қазақтың музыкасын көрерменге ұсындық.
«Қазақтың күйі мен термесі маған шығармашалық шабыт сыйлайды, мен Абайдың қара сөздерінен қуат аламын, жаныма азық етемін», – дейді қазақтың Назгүлі. «Туған топырағыңнан жырақта жүргенде тарихың мен терең тамырың – жаныңа жалау болатын құндылық», – дейді ол. «Тыңдап отырған көрермен «қазақтың мына қызы қандай талантты» деп баға беріп жатса, бұл мен үшін ең үлкен жеңіс», – дейді ол.
05 ақпан 2018 ж. 1 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031