ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ!
Сіздерді халқымыздың жыраулық өнерін дәріптеуді мұрат еткен рухани көшпен үндесіп, сүлейлер салтымен тілдескен "ЖЫР КЕРУЕН" тележобасының Гала-концертін тамашалауға шақырамыз!
2008 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан "ЖЫР КЕРУЕН" тележобасына биыл 10 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында облыстық "QYZYLORDA" телеарнасы мың орамды, жүз толғамды бабалар мұрасын насихаттап, өнер өлкесінде өзіндік өрнегімен дараланған көптеген жырауларды бәйгеге қосты. Керуен тартқан көштің үзілмеуіне үздіксіз атсалысып, жыр сүйер қауымның қошеметіне бөленді. Өткен жылы рухани жаңғыру аясында " ЖЫР КЕРУЕН" жобасын ай сайын өткіздік. Əр жыр кешінде 3 жыраудың көсіле жырлауына, терме-толғауларды төгілте шырқауына мүмкіндік бердік. Халықтық өнерімізді насихаттап жүрген оларға сый-сияпат жасадық. Енді жобамыздың 10 жылдығына орай сол жыршы-термешілеріміздің басын қайта қосып, қорытынды Гала концерт бермекшіміз. Сыр өңіріндегі жыраулық мектептердің танымал өкілдеріне арнайы номинациялар да тағайындадық.
Сондықтан сананы сәулелендірген кештен қалыс қалмай, 29 қаңтар күні облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына келіңіздер! Төл арна төрге шығарған өнер көшінің құрметті қонағы болыңыздар!
КЕШ ҚОНАҒЫ: ӨМІРҚҰЛ АЙНИЯЗОВ
БАСТАЛУЫ: САҒАТ 18.30
КІРУ ТЕГІН!!!
Пікір 1