» » ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРГІҢ КЕЛСЕ ЕГІНГЕ БАР

ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРГІҢ КЕЛСЕ ЕГІНГЕ БАР

«ТҰРМАҒАМБЕТТІКТЕРДІҢ» ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕРІ
Биылғы егін егу маусымында 13850 мың гектар егістік алапқа Сыр салысын орналастырған ауданның диқан-механизаторлары бүгінде сонау ерте көктемнен күтіп-баптауды қолға алған күріш дақылын суға бастырып, алдағы жинау маусымына дайындауда.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметі сүйенсек, өңір диқандары қазірде күріш дақылынан басқа 210 гектарға еккен бидайды орып болса, 1700 гектарға орналастырған мақсарыны да жақын арада жинап алмақшы. Сонымен қатар, таяу күндері 6500 гектар ескі және жаңа жоңышқаның үшінші орымын бастайды.
Міне, аудандағы «Жаңажол», «Достық Жер МК», «Ақтөбе и К», «Ораз ахун» және «Тұрмағамбет» сынды ірі серіктестіктермен бірге, «Ақниет», «Оңталап», «Дөйт»,«Әсіл», «Болашақ», «Шабан ата», «Шахзада», «Ақжар» және басқа да шағын шаруашылық құрылымдары өздеріне бекітілген күріш және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын күтіп-баптап, алдағы егін жинау науқанына дайындалуда.
Осы ретте, егінжай ерлерінің алдағы маусымға дайындықтарымен танысуда аудандық мәслихат депутаты, білікті сала маманы Нұржан Пірмантаев басшылық жасайтын «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жолға шықтық.
Міне, жол сілтеушінің көмегімен шаруашылықтың Абай Жәкеев басқаратын 4 егіс бригадасына да келіп жеттік. Егістік басы ығы-жығы толған адам. «Бұл жерде не болып жатыр» деген сұрағанымызға жол басшымыз: – Бүгін азанмен ауыл болып, мына жайқала өскен күріш атыздарында қылтыйып өсіп тұрған қызыл күрішті орудамыз. Биыл қызыл күріш көп өсіп кетті, оны піспей тұрып орып тастамасаң, ертең тұқымы жерге түсіп, алдағы жылы ол бұдан да көп өсіп кетеді. Күрішке зиянын тигізеді. Мектеп оқушылары мен студенттер және шаруашылық жұмысшылары жұмылып, қызы күрішті орудамыз. Тіпті, оқушылар мен студенттер еткен еңбектеріне қарай еңбекақы алады,– деді.
Егістің басына келгенімізде, бізді күтіп алған шаруашылық басшысы Нұржан Айдарбекұлы іс-шараның мән-жайына қанықтырған соң, шаруашылық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгіме өрбіттік.
–Биыл шаруашылық бойынша 2700 гектар егістік алқапқа Сыр маржаны орналастырылды. Сонымен қатар, 949 гектарға ескі, ал 315 гектарға жаңа жоңышқа егіліп, бүгінде оның екінші орымын орып болдық. Осы айдың аяғында үшінші орымға түсеміз. Ал, 150 гектарға егілген мақсары мен 5 гектарға орналастырылған бақша дақылдары мен көкөніс және картопты күтіп баптаудамыз. Сондай-ақ, диқаншы қауым үшін ең негізгі жұмыс ол сонау көктемнен жер ана төсіне тіккен әрбір күріш дақылын балаша баптап-өсіріп, ендігі жерде оның ризығын көру екені рас. Бұл жұмыстардың да нәтижесін көрер күн де алыс емес. Егін жинау науқанына 7 комбайн, 7 жатка, 14 тасымал көлігі тіркемесімен және 250-ге жуық егінші күзгі жиым-терімге қатысады деп күтілуде. Шаруашылықта өткен жылы өздеріне бекітілген міндеттемелерді асыра орындаған Сәлімгерей Қалтаев, Болат Дәулетбаев, Ақылбек Құлбарақов, Нұржан Ертаев, Әлжан Қамбаров сияқты озаттар биыл да әріптестеріне үлгі көрсетіп, алдыңғы қатарда боламыз деп уәделерін беруде. Әрине, жастар да аға буын өкілдерінен қалыс қалмауда аянбай тер төгуде,– дейді шаруашылық басшысы.
Иә, «Балапанды күзде санайды» дегендей, күзгі жиым-терім науқаны да тая күндеорі басталады. Егінші қауымның да көңілі көтеріңкі. Диқан-механизаторлармен де егін жинау маусымына дайындық туралы тілдесуге мүмкіндік болды.
–Биыл мен басқаратын №4 егіс бригадасында еңбек ететін 36 диқан-механизатор өздері күтіп-баптап отырған 4795 гектар егістік күріштің шығымына дән риза. Бригада диқандары өткен жылы әр гектардан 50 центнердің үстінде өнім алса, биыл сол көрсеткішті 60-тан асыруды межелеп отыр. Алла қаласа алдағы жиым-терімде үлкен нәтижеге қол жеткіземіз деген үмітіміз бар. Оған Серік Смағұлов, Базар Бектасов, Сәбит Ертаев, Талғат Сыдықов, Яхия Мәмбетов сынды бригада озартарымен бірге өзге де егіншілер атсалысады деген ойдамын, – дейді бригада басшысы Абай Жәкеев.
Міне, түскі астың уақыты да болыпты. Егінжай ерлерімен бірге біз бригада аспаздары Жанат Қарлыбаева мен Мырзабике Асқарова дайындаған тағамдардан дәм таттық. Әсіресе, аспаздардың балды бармағымен майға бөктірілген тандыр нанын тоя жеп, мұздай айранына шөлімізді қандырдық.
14 тамыз 2018 ж. 2 093 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031