» » МАЛ АЗЫҒЫНА ҚАМ ҚАЛАЙ?

МАЛ АЗЫҒЫНА ҚАМ ҚАЛАЙ?

«Қыс қамын жаз ойла». Бұл сонау Кеңес дәуірінде халықты қыс мезгіліне дайындығын жазда, оның ішінде мал азығын дайындап алуға үндеген ұран болатын. Міне, бұл ұран бүгінде де халықпен бірге келеді.
Сол жылдарда әрбір шаруашылық жаз ортасында табиғы шөп пен жоңышқаны пресске басып, арнайы жерге тау-тау қып жинап қоятын-ды. Тіпті, жүгеріден силос өндіріп, оны арнайлап дайындалған ұраға көметін. Ал, күн суыта осы мал азығымен малшылар өз бағымындағы төрт түлігін жемдеп, қыстан аман алып шығатын.
Ал, қазір ше? Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдарда мал шаруашылығы бір шама жыл тұралап қалған еді. Елбасының қолдауымен қазіргі таңда мал шаруашылығын қайта өркендету мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, сол жобалар арқылы төрт түліктің санын көбейту мүмкін болуда. Оның ішінде, біздің де өңір өзінің белсенді істерімен танылуда. Бүгінде ауданда төрт түлік саны көбейді, соның арқасында өңір тұрғындарының да әлеуеті де артты.
Алайда, төрт түлікті одан әрі дамытуда әрине жем-шөп те керек екені рас. Бірақ, бүгінде солтүстік өңірлерден жеткізілетін бидай жемнің бір қабының құны 900 теңгеден асты. Ал, шаруашылықтар арқылы дайындалатын жоңышқаның әрбір данасы 350 теңге, кейде 400 теңгеден сатылуда. Базардағы бидай мен тары, сұлылардың бағасын айтпаса да болады. Қарапайым халыққа олар әрине құны қолжетімді болмай тұр.
Жыл басында аудан әкімі Сұлтан Мақашов жылдағы дәстүрмен елді мекендерді аралап, өңір әлеуетін арттыруға арналған халық алдындағы есепті жиынында өткен жылы ауданда 60000 тонна мал азығы дайындалғанын айтты. Сонымен қатар, дәстүрлі күріш дақылынан басқа картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарды өндірістік негізде өсіруді, сондай-ақ жүгері, арпа және мал азықтық дақылдар көлемін қолға алу керегін тілге тиек етті. Рас. Ауданда өткен жылы жиналған мал азығы қорының дерлігі аудандағы шаруашылық құрылымдардың иелігінде болды. Ал, жеке тұрғындар бойынша есеп жоқ. Десе де, өткен жылы Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеевтің ұйымдастыруымен «Жаңажол», «Достық», «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен келісімге отырып, аудан орталығындағы еңбек ардагерлеріне нарық бағасынан төменмен табиғы және жоңышқа шөбі мен күріш қалдығын және жармағын сатты. Мұндай игі іс биыл да жалғасын табуда.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жағыпар Төлегенов мал азығын даярлау, қыс қамын жаз қамдау жөнінде тақырып тізгінін тарқатты.
–Биыл да ауданда жылдағы дәстүрмен жем-шөп дайындау жұмысы тамыздың алғашқы онкүндігінде басталады. Жоспар бойынша ағымдағы жылы 50 тонна табиғи шөп, 4 тонна пішендеме, 7 тонна сүрлем, 32 тонна сабан және 360 тонна құрама жем дайындау жоспаралануда. Сонымен қатар, күріш қалдығы мен жармағы, тағы басқа да жем түрлерін дайуындауда аудандағы шаруашылық құрылымдары аса белсенділік танытуда. Өткен жылы қыс қатты болды. Бірақ, бірер шығын болмаса, малшылар қауымы қыстан төрт түлігін аман алып шықты. «Қыс қамын жаз ойла» дегендей, бүгінде ауданда жақын арада жаппай қыстық мал азығын дайындауға кіріседі, – деді ол.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
04 тамыз 2018 ж. 2 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031