» » КӘСІППЕН ТҮЛЕГЕН ӨҢІР

КӘСІППЕН ТҮЛЕГЕН ӨҢІР

ЕГІН МЕН ЕҢБЕК АУЫЛЫ
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының орта шеңінде өңірімізде егін және мал шаруашылығын өркендету мақсатында құрылған Жосалы ауылы бүгінде аудан экономикасының нығаюына сүбелі үлесін қосып келе жатқан бірден бір елді мекен.
Міне, өткен жыл осы төребайбиліктер үшін табысты болды. Ауылдық округтегі 95 жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтар өткен жылы өздеріне бектілген 130 гектарға бақша дақылдарын, 114 гектарға көкөніс пен картоп, 55 гектарға күріш дақылын, сонымен бірге 40 гектарға мақ­сары егіп, олардан жоғары өнім алса, округтегі жеке тұрғындар есебіндегі төрт түлік саны едәуір өсті. Дара­лайтын болсақ, тұрғындар мүйізді ірі қара-640 бас, қой мен ешкі 884 бас, жылқы 44 бас және 291 құс өсіріп, одан бүгінде өздеріне керекті өнім алып отырған жайлары бар. Сонымен бірге, өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздықты жою мақсатында құрылып, жұмысын бастап кеткен «Жосалы Даму» кооперативінің 23 мүшесі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ет бағытында 443 мүйізді ірі қара сатып алып, бүгінде бағымындағы малын бордақылаумен айналысуда. Сондай-ақ, кооператив мүшелері өз жұмыстарын одан әрі дамытуда, нақтырақ айтқанда сүт өнімдерін өндіруде рефрижератор автокөлігін сатып алды.
Ауылдық округ тұрғындарының әр сала бойынша сұранысын қамтамасыз етуде сауда-саттық, түрлі шеберханалар және компьютер маманы, сонымен бірге жолаушылар тасымалы қызметі бойынша 56 жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді. Өткен жылы ауыл тұрғындарының денсаулығын арттыруда жаңа фелдьшерлік-акушерлік бекет пен балалар ойын алаңы ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыз су мәселесі де толықтай шешілді. Сонымен бірге, №199 орта мектеп жанынан салынған жылыжай да түрлі көкөніс өнімдерін берді. 50 орындық балабақша құрылысы басталып, ол үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілетін болса, осы жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі мен ауыл арасындағы автожолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Міне, аудан әкімі Сұлтан Мақашов өзінің есепті кездесуінде аталмыш елді мекен бойынша осындай атқарылған жұмыстарды саралап, ағымдағы жылға мақсатталған жоспарларды баяндай келе ауыл ақсақалы Жақсылық Жалғасбаев жолдаған егін егуге байланысты аяқ су мәселесін шешу туралы сауалына нақты жауап берді. Әкім алдағы уақытта «Балажарма» каналын тазартуға жұмыс істейтінін, ауыл тұрғындары арасында бақша және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын егу, оның ішінде сұранысы көп қауын түрлерін егу және оны алыс-жақын облыстар мен шетелдерге сатуды ұйымдастыру ауыл әкімінің міндетіне жүктелетінін айтты.
БАЙЛЫҚТЫҢ КӨЗІ – КӘСІПТЕ
Қармақшы ауылы Кеңес Одағы кезінде өңіріміздегі ең бай шаруашылықтардың бірі болатын. Онда қой мен мүйізді ірі қара, сонымен бірге түйе мен жылқы, яғни төрт түліктің барлығы өсірілді. Ел экономикасын нығайту, оның ішінде мал шаруашылығы өркендетудегі елеулі еңбектері үшін шаруашылық Мәскеу қаласындағы бүкілодақтық көрмеден бірнеше рет алтын, күміс және қола медальдарын иемденді. Ауыспалы қызыл туларға ие болды. Көптеген еңбек майталманы КРСО-ның орден-медальдарымен марапатталды.
Міне, бүгінде Қармақшы ауылы тұрғындары сол ата кәсіпті өркендетуде жан-жақты еңбек етуде. Яғни, Мемлекет басшысының елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатына арнаған мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан» және басқа да бағдарламалар аясында несие алған 18 шаруа қожалық пен 39 жеке кәсіпкер түрлі кәсіп түрімен айналысуда. Кәсіпкерлердің басым бөлігі жоғарыда айтқандай мал шаруашылығын дамытуда еңбек етуде. Бүгінгі күнге округ бойынша мүйізді ірі қара 1845 бас, қой-ешкі 4343 бас, түйе 554 бас, ал жылқы 609 бас болса, «Темірболат» шаруа қожалығы өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 60 аналық сатып алып, оны көбейту бағытында жұмыс істеуде. Сонымен бірге, «Абыла Даму» кооперативінің 88 мүшесі 1016 бас мүйізді ірі қара сатып алып, бүгінде оларды бордақылауды бастап кетті. Округ аймағындағы Қарөзек арнасы арқылы шығатын «Қожантай» каналынан су реттегіш тоспа салынды. Нәтижесінде ол аталмыш өңірде мал шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізуде. Яғни мал жайылымдарына су барды, көлдер толды. Экологиялық ахуалдың жақсаруына, суландырылатын аймақтың ұлғаюына және тұрғындардың балық шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, Сырдария өзенінен тасыған суды кері қайтармай сол аумақтардағы көлдерде ұстап қалуға мүмкіндік жасалды.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов ауыл тұрғындарымен өткізген есепті кездесуінде осы жұмыстарды саралап, алдағы жылы ауыл әлеуетін арттыруға арналған міндеттерге тоқталды. Нақтырақ айтқанда, биыл Қармақшы ауылы бойынша бір көшеге жарықтандыру, ал Қызылтам ауылының кіреберіс жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
ЖОСАЛЫДА ЖАРҚЫН ІС КӨП
Жосалы кентінде өткен жылы екі 50 орындық бала­бақша пайдалануға берілсе, биыл құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған №183 орта мектеп пен балалардың жазғы тынығу лагері іске қосылады деп күтілуде. Сонымен бірге, Көшербаев көшесі асфальттанып, жарық желілері орнатылды. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1364 үйге су құбыры кіргізілсе, Абай көшесі толығымен светодиотты шамы бар бағаналармен ауыстырылды. Аудан орталығына кіреберістен Көшер­баев көшесіне дейінгі аралық жарықтандырылды. Теміржол вокзалы алдындағы бақ ішіне бағаналы сағат пен тұрғындар демалатын орындықтар қойылды. Кәсіпкерлер тарапынан да біршама ілкімді істер ат­қарылды. Жыл көлемінде бірнеше заманауи үлгідегі кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілді. «Мир-201» ЖШС құмқыш шығаратын цех ашып, жұмыс істеп жатса, жеке кәсіпкер Е.Ешмұратов жылыжай салып, бүгінде түрлі көкөніс өндіруде. Алдағы уақытта кәсіпкер цитрусты жеміс өндіруді қолға алмақшы. Сонымен бірге, «Сұлтан и К» кооперативі мал басын көбейту мақсатында несие алып жұмыс істеуде. Кооператив мүшелері алдағы уақытта сүт бағытында да жұмыстар атқаруды жоспарлауда.
Міне, биыл осындай ауқымды жұмыстармен айшық­тал­ған Жосалы кентінде ағымдағы жылы да ілікімді істер күтіп тұр.
Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының кент тұрғындарымен өткізген есепті кездесуінде ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Биыл аудан орталығындағы 15 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын айтса, кент тұрғындары үшін басты жаңалық, кентті газдандыру мәселесінің шешілетін күні алыс еместігі. Сонымен қатар, тағы бір жағымды жаңалық «ПетроҚазақстан» мұнай компаниясы биыл аудан аумағынан газ өндіретін зауыт құрылысын салуды іске асырмақшы екен. Бұл тұрғыда аудан әкімдігі мен мұнай компаниясы арасында бүгінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, аудан басшысы ауыз су мәселесі де күн тәртібінін түспейтінін айта келе, биыл кенттегі барлық тұрғын үйге ауыз су кіргізу түбегейлі шешімін табатынын айтты.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
29 қаңтар 2018 ж. 1 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031