КӨКШЕ БАЙЛЫҚ – КӨП БАЙЛЫҚ
Өткен жылы Төребай би ауылындағы қарт диқан Жақсылық ағаның бақшалық учаскесінен отбасыммен қауын-қарбыз, тағы басқа да дақылдар ектім. Жаз өтіп, күз де жетті.Сонымен қыркүйек айында қауын-қарбыз пісіп, жұмыстан кейін балаларымды көлікке отырығызып бақшаға тартып кетем. Бірер сағат жұмыс істеп, басында отырып піскен қауынды жарып жейміз. Сондай демалыстың бірінде кіші балам маған күләбі қауынды көтеріп әкеліп: «Әке мынадай қауынды өмірде көргенім жоқ. Сірә жоқ та шығар. Тіпті, тәтті –ау деймін» – деді де қауынды қойды да малдасын құрып отырып маған қарады. Сөз төркінін түсіндім де қауынды жарып, бір тілігін қолына ұстаттым. Расында да, балам таңдаған қауын тәтті болып шықты. Тіпті, тәттілігі соншалық тілімізді де үйіріп жіберді. Олжасына риза болған ол қауынды құшарлана жеп отырып, сөйлеп қояды. «Мұндай қауынды мен еш жерден жеп көрген емеспін, Сіз ше, әке»– деп күлімдеді. Оның сөзін қызықтап отырып, ойыма бала шағымда әжеме еріп Майлыөзектегі туыстарға барғаным, нағашым Қияс пен әкемнің ағасы Қуаныш көкенің бақшалығындағы торсықтай теңкейіп, тәттілігімен тіліңді үйіретін, қанша жесеңде тоймайтын күләбі, торлама мен сары-ала қауындар есімі түсті.
Әрқайсысы он келіден асатын сол торлама мен күләбілер қазір бар ма? Бір түйірі шай ішетін кеседей боп піскен картоп ше, бір қапқа екі-үшеуден артық сыймайтын асқабақтар қайда екен?
Иә, сол кездері қай ауылға, қай үйге барсаң да қауын-қарбызға толы қораны көретін едік. Қауын-қарбызды сатып алушылар некен-сақ болатын еді. Сатып алушы дейміз ау, кейде базардан бір қауынды алып жатқан саған: «мә, мынаны балаларға бер» деп екі-үшеуін тегін ұстатып жіберетінін айтсайшы, айналайын ауылдың ақ жарқын ағайындары.
Расында да, «Бақша да байлық көзі» дегендей, бүгінде бақша егіп, пайда тауып отырғандар да жеткілікті, тіпті Елбасының қолдауымен бүгінде жүзеге асырылып жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, осы бақша арқылы нәсібін тауып жатқандар да бар.
Біздің өңірдің негізгі бағыты егін шаруашылығы дақылдарын өндіру болған соң ауданда бақша мен көкөніс егушілерге барлық жағдай жасалған. Ауданға қарасты Төребай би, Иіркөл және Алдашбай ахун, сондай-ақ ІІІ Интернационал, Ақтөбе ауылы тұрғындары егін егумен қатар бақша дақылдарын да өсіруді қолға алған. Өткен жылы аудан бойынша осы саланы дамытушылардың еселі еңбектерімен 9512 тонна картоп, 11220 тонна бақша дақылы өнімін жинады. Нақтырақ айтқанда «Жаңажол» ЖШС-і 5 гектарға, «Тұрмағамбет» ЖШС-і 15 гектарға , «Береке» ШҚ 3 гектарға, «Оңталап» ШҚ 40 гектарға, «Шабан ата» ШҚ 40 гектарға, «Жосалы даму» АӨК 100 гектарға көкөніс пен картоп және бақша дақылын, жалпы алғанда аудан бойынша 564 гектарға картоп, 307 гектарға көкөніс және 457 гектарға бақша дақылы егіп, мол өнім алды.
Сонымен қатар, биылда аудан диқандары 570 гектарға картоп, 325 гектарға көкөніс және 555 гектарға бақша дақылын еккен.
Ауданда жеке шаруашылықтар да бақша шаруашылылығын дамытуға өздерінің сүбелі үлесін қосуда. Оның ішінде, Төребай би мен Иіркөл және Алдашбай ахун ауылдарында бұл кәсіп жақсы дамыған. Төребайбилік байырғы диқан Жақсылық Жалғасбаев бұл кәсіптің майын ішкен десек те болады. Сексеннен асқан қарт диқан қолынан әлі де кетпенін тастамай, жастарға үлгі көрсетуде. Диқанның басшылығымен бүгінде отбасылық шаруашылықта 20 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылының әр түрін егіп, оны баптауға алса, «Дәуіт» шаруа қожалығы 50 гектар егістік алқапқа бақша мен картоп және көкөніс егуде. Сонымен қатар, ІІІ Интернационал ауылында көп жылдардан бері осы кәсіптен нәсібін тауып жүрген кәсіпкерлер Камил Арифов 5 гектарға, ал Сайлау Мұхтаров 2 гектарға түрлі бақша дақылын орналастырып, аудан тұрғындарына өндірген өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынуда. Сонымен бірге, Иіркөл ауылынан биыл 30 гектарға түрлі бақша дақылдарын еккен «Әсіл» шаруа қожалығы ауылдағы жеке тұрғындардың да бақша егуіне жағдай жасауда. Аудандағы ірі егін шаруашылықтары арасында «Жаңажол» мен «Тұрмағамбет» серіктестіктері де бұл істі қолға алған.
Жазда тағамға пайдаланылатын бақша дақылдарын ертеде қазақ халқы «көкше байлық» деп атаған екен. Яғни, халық арасында «Көкше байлық үш айлық, үш айдан соң шошайдық» деген сөз бар. Иә, бақша еккен адам өзінің қысқы азығын дайындайды, сонымен бірге артылғанын сатып пайда табады. Осы ретте, аудан орталығында да осы кәсіп арқылы бір жағынан ермек, ал бір жағын кәсіп етіп жүргендер де аз емес.
Мұхамбетқали Өскелеңов кент тұрғыны:
– Мен бақша егу кәсібімен айналысқаныма біраз жыл болды. Өзімінің мекен-жайымдағы бақшалығымда бүгінде түрлі көкөніс түрлерін, яғни арнайы Ресейден алдырған қызанақ пен қияр, асқабақ және басқа да дақылдарды егіп, одан өзіме керегінше өнім алудамын. Тіпті, ауысқанын көрші-көлемге, ағайын-туысқа сатудамын. Күзде әйелім осы көкөністерден тосап дайындайды. Қызылордадағы балаларыма беріп жіберіп тұрамыз. Қысы-жазы өз бақшамда өндірілген көкөністерден дайындалған тосаптар дастарханымыздың мәзірін толтыруда. Сондай-ақ, көктемде түрлі көшет дайындаймын. Ауысқанын қолжетімді бағамен сатамын.
Асқар Ерманов, ауған соғысының ардагер:
–Әрбір ауыл баласы егін мен малға жақын. Сондықтан мен сол ауылда өскендердің бірі болғандықтан мен де егін мен малға жақынмын. Ауламдағы шағын бақшалықта қияр мен қызанақ, укроп, баклажан және басқа да жас айларында күнделікті асқа қажетті көкөністерді өсіремін, Базардан сатып алмаймын. Сыртта, яғни өзім қызмет ететін орман шаруашылығы бақшалығынан жер алып, қауын-қарбыз картоп ектім. Бұл менің жыл сайын істейтін жұмысым. Базардан ешқандай бақша дақылдары мен көкөністі сатып алмаймын. Бәрін де өзім өндіремін. Бір жағынан демалыс, бір жағынан отбасылық бюджетке үнем.
Дастан Буханов «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: – Ауламдағы шағын бақшалыққа орналастырған көкөністерім бүгінде өркен жаюда. Аяқ су күнде беріле бермейді. Сондықтан мен тамшылап суару әдісін қолданудамын. Нәтиже де жаман емес. Қорада көкөністерден басқа гүлдер мен жоңышқа өсуде. Кешке жұмыстан үйге келген соң бақшаға күтім жасаймын, Бұл бір жағынан тынығу, бір жағына ертең өзің жейтін астың мәзірі, – дейді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ