» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ШҰБАТТАН ЙОГУРТ ДАЙЫНДАМАҚ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ШҰБАТТАН ЙОГУРТ ДАЙЫНДАМАҚ

ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласындағы  «Жаңа Ақдала» ЖШС  агросалаға жаңа технологияларды енгізудің арқасында жемісті жұмыс атқаруда. Аталған ұжым былтырғы жылы 2722 тонна қызанақ жинап, одан 337 тонна томат пастасын өндірді. Бұдан бөлек, ұжым қызметкерлері  204,8 тонна жеміс-жидек, бау-бақша өнімдерін жинаған. Мұнда өндірілген өнімдер негізінен Алматы, Астана және Шымкент қалаларына жөнелтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап. Ал Саналы ауылындағы «Желмая» өндірістік кооперативі түйе сүтін өндірумен айналысуда. Мұнда күніне 1 тоннаға дейін шұбат сауылып, арнайы ыдыстарға құйылады. Кейін Астана, Ақтөбе қалаларына жіберіледі. Биыл кәсіпорын шұбаттан йогурт дайындауды қолға алғалы отыр.  Арыс қаласының дихандары соңғы жылдары тамшылатып суару әдісімен табыстарын еселей түсуде. Былтырғы жылы өңір бағбандары 5500 гектарға егілген бақшадан 134 мың тоннадан астам қауын-қарбыз жинаған.  Оның 56 мың тоннасы Германия, Балтық жағалауы елдері мен Ресейдің Мәскеу қаласына және Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтілген. Бұдан бөлек,  63 мың тонна қауын мен қарбыз Астана мен Алматы қаласына жіберілсе, қалғаны облыс нарығына саудаға шығарылған. Шаруалар алдағы уақытта Сырдария және Арыс өзендерінің игілігін тиімді пайдаланып, өздеріне тиесілі алқаптарда еселі еңбектерін жалғастыра беруге ниетті.
27 қаңтар 2018 ж. 1 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031