» » ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА СҮТ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА СҮТ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Түпқараған ауданында тәулігіне 50 тонна өндірістік қуаты бар жаңа кәсіпорын ашылды. Жоба құны – 1,5 миллион доллар. Зауытта пастерленген түйе сүті, йогурт, ірімшік, шұбат, био кефир, био қаймақ, шалап, тан және тағы басқа өнім шығарылады. Мұнда 20 адам жұмыс істейді.
 Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020»бағдарламасы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұтастай алғанда агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған. Сондықтан, бірінші кезекте малдың санын көбейту және азық-түлік өнімдерін өндіру жобаларын жүзеге асыру қажет. Осы мақсатта инвесторлар тартуға және кәсіпкерлікті қолдауға қолжетімді несиелер беру жұмыстары қолға алыну керек. Сондықтан биылғы жылы елімізде алғаш рет «Даму» қорымен бірлесе отырып шағын және орта бизнес жобаларына 1%-бен несие беруді бастаймыз, - деді аймақ басшысы Е. Тоғжанов.Аталмыш аудандағы айтулы нысандардың бірі  -  «Caspian Offshore Construction»ЖШС-ы. 2003 жылы құрылған 100% қазақстандық кеме қатынасы компаниясы – Каспий теңізіндегі теңіз қызмет көрсету паркінің операторы. Компанияда 591 қызметкер бар, оның ішінде 389-ы экипаж мүшелері.Өткен жылдың соңында компания флот саны 40 кемеге жетті, оның 19-ы «NСOС» -ке тиесілі.2018 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс істеу үшін компания тағы 7 кемені жұмылдыруға ниетті. Қазіргі таңда компания базасында болашақ теңізшілердің курсы ұйымдастырылып, онда жергілікті мектептердің 30 оқушысы білім алуда.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ
21 қаңтар 2018 ж. 1 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930