» » Ақтөбедегі «Қосестек» кооперативі сүт цехын іске қосты

Ақтөбедегі «Қосестек» кооперативі сүт цехын іске қосты

Осындай сүт өңдейтін шағын цехтың бірі Қосестек ауылында іске қосылды. Оны Еркін Өтегенов жетекшілік жасайтын «Қосестек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жүзеге асырды.
Бұл үшін кооператив мүшелері өзара кеңесе келіп, ең алдымен тиісті инфрақұрылымдық жүйе жасақтау қажет деген ортақ ұйғарымға келеді. Атап айтқанда алдағы уақытта салынатын шағын өңдеу нысаны үшін электр желісі тартылады. Бұдан соң газ, су және кәріз жүйелері іске қосылады. Келесі кезекте ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан ауыл азаматтары қуаттылығы ауысымына бір тонна шикізатты өңдеп, бұдан әзір өнім шығара алатын құрал-жабдықтар сатып алуға қол жеткізеді.
Сөйтіп, «Қосескек» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі бүгінгі күні сүттен қаймақ, сүзбе, май өндіруге мүмкіндік алды.
– Қазіргі күні біз үшін ең бастысы шикізат өндіру көлемін кемітіп алмау. Мәселен өткен жылы біз тұрғындардан 300 тонна сүт қабылдап алған едік. Бүгінгі меже осы мөлшерден төмендемей, оны сүт өңдеу цехына тапсыру, - дейді egemen.kz тілшісіне кооператив төрағасы Еркін Өтегенов.
Олардың бүгінгі алға қойған мақсаттары мен іс-жоспарлары да өміршең. Соның ішінде қосестектіктер бұрынғы жылдары жергілікті май зауытына шығарылған ірімшіктің ерекше түрін бүгінгі замандағы технологияның көмегімен қайта жаңғыртуды көздеп отыр.
«Бәрін айт та, бірін айт, Коллективтің жырын айт» деп төкпектеткен екен баяғыда жарықтық Би-ағаң, Бейімбет Майлин. Осы өлшемге «Қосестек» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мүшелерінің ілкімді іс-қимылдары да дөп келіп тұрғандай

18 қаңтар 2018 ж. 2 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728