» » ЖАЗДЫҢ ҚАМЫН ҚЫС ОЙЛА

ЖАЗДЫҢ ҚАМЫН ҚЫС ОЙЛА

«Қыс арбаңды, жаз шанаңды қамда», – дейді халық даналығы. Бірер айдан соң егіс алқабында құмырсқа тірлік басталады. Жаз бойы еңбек етіп, жыл бойы азық ететін науқан келеді алда. Халық арасында «Дала майданының сарбаздары» атанып кеткен сала мамандары үшін өткен жыл берекелі болды. Аудан диқан-механизаторлары күріш дақылынан мол өнім алып, аймақта үздіктер көшін бас­тады. Көптеген заманауи үлгідегі ауылшаруашылығы техникалары мен автопарктерін толықтырды. ал, енді биылғы егін егу науқанына дайындық қалай?
Осы мәселе жайында сөз бастамас бұрын, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сабытбек Жол­махановтың мәліметін тілге тиек етейік. Ауданда 2018 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық өт­кен жылдың күз айларында бас­талып кетті. Ауылшаруашылығы да­қылдарының сызбасы жер қаты­настары мен су шаруашылығы са­ла­сы мекемелерімен келісіле оты­рып бекітілді. Яғни, биыл ауданда шаруашылық құрылымдары 24110 гектар егістік алқапқа түрлі ауыл­шаруашылығы дақылын орналастырылуды межелеп отыр. Нақтырақ айтқанда, 1400 гектарға күріш, 210 гектарға бидай егуді межелеп отыр. Сонымен қатар, дәстүрлі күріш дақылынан басқа да маңызы зор картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарды өндірістік негізде өсіруді, жүгері, арпа және мал азықтық дақылдар көлемін көбейту жоспарда бар. Атап айтқанда, 14210 гектарға түрлі дәнді дақылдар, 1700 гектарға мақсары, майлы дақылдар, 650 гектарға картоп және 6541 гектарға ескі жоңышқа, ал 450 гектарға көкөніс, 555 гектарға бақша дақылдарын орналастырып, күтімге алуды жоспарлауда.
Ал, енді осы дақылдарды егетін жерлерді дайындау барысы қалай? Осы сұраққа жауап берер болсақ, жоғарыда айтып өткендей, өткен жылдың күз айларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 7,2 мың гектар сүдігер көтерілді. Сонымен бірге, 4000 тонна күріш, 75 тонна бидай, 60 тонна жоңышқа, 6,9 тонна мақсары тұқымдары құйылды, тұқымның сапасына зерттеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Дайындалған 4000 тонна күріш тұқымының 300 тоннасы «Маржан» сорты, 990 тоннасы «Янтарь» сорты, ал 2600 тоннасы «Лидер», 110 тоннасы «Новатор» сорттары. Оның ішінде, құйылған күріш тұқымының 110 тоннасы І репродукциялы тұқым болса, 2400 тоннасы ІІ репродукциялы, ал 1200 тоннасы ІІІ репродукциялы тұқым. Қазіргі таңда, аудандағы барлық шаруашылық құрылымдары тұқым тазалау жұмыстарымен айналысуда.
Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмыстары да бір қалыпты жүргізілуде. Биылғы егін егу жұмыстарына қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10,4 мың тоннаны құрап отыр, оның ішінде аммоний сульфаты 6 мың тонна, карбамид 2,7 мың тонна, аммофос 1,6 мың тонна. Бүгінгі күні шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыш­тардың 2,9 мың тоннасы алынды. Со­нымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қа­жет­тілігі 13,1 мың литрді құрайды. Оның ішінде, «Гулливер» 44 литр, «Солито» 900 литр, «Рейнбоу» 12130 литр. Сондай-ақ, шаруашылықтар тарапынан 4500 литр гербицид сатып алынды. Диқандардың тыңайтқышы қажетті тыңайтқыштарды жеткізу мақ­сатында жүргізілген келісім-шарттары арқылы уақытылы жеткі­зіледі.
Ал, енді жанар-жағар май мәсе­лесіне келер болсақ, мамандардың айтуынша биыл көктемгі егіс және дала жұмыстарына 2340 тонна дизель отыны қажет. Қазіргі таңда мамандар тарапынан қажетті жанар-жағар майдың есебі алынып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жеңілдетілген дизель отынын бөлу жөнінде ұсыныс жолданды. Бүгінгі күні жеңілдетілген дизель отынын жеткізуші операторларды белгілеу жұмыстары айқындалуда.
Диқандар үшін егін егу жұмыс­тарына міндетті түрде жан-жақты жарақтандырылған техника керек. Осы жұмыстарға қанша техника қатыстырылады деген сұраққа жауап берер болсақ, көктемгі дала жұмыстарына шаруашылық құрылымдары бойынша 116 трактор, 44 соқа, 24 тұқым сепкіш, 62 автокөлік және 94 трактор тіркемесімен қатыстырылмақшы. Қазіргі таңда, көктемгі дала жұмыстарына қатыстырылатын техникалардың барлығы да сақадай сай тұр.
Көктемгі су алу жұмыстарына сәй­кес, аудан бойынша су шаруашы­лығы нысандарын дайындау жос­пары жасалынып, 464 мың текше метр жер жұмыстарын атқару, 97 дана су құрылыстарын жөндеу, 11 дана насос қондырғыларын, 47 да­на су өлшеу бекеттерін жөндеу межеленген. Бүгінде су жүйе­лерін тазарту жұмыстары шаруа­шы­лықаралық каналдарда 14%, іш­кі шаруашылық ка­налдарда 43%, гидро­техникалық құ­рылыстарды жөндеу ша­руашылық­ара­лық каналдарда 33%, ішкі шаруа­шылық каналдарда 37%, насос қон­дырғыларын жөндеу 64%, гидро­бе­кеттерді жөндеу 30% орын­далып, 2,5 мың гектар шабындық жер суландырылды.
Түйін.
Ел ырзығын жинау диқандардың еншісінде. Жаз бойы нарық пен «арықтың» қыспағынан аман шығу үшін техника мен жанар-жағармай, су мәселесін шешіп алу қажет. Бұл бағытта ауданның атқа мінерлері әлдеқашан қарекетке көшкен. Ендігі мақсат – тұқымды сеуіп, мол өнім алу.
Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
30 қаңтар 2018 ж. 2 548 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 02:19
My Dr Prescribed Keflex For Boils Canine Cephalexin 500 Mg Lupin propecia minox hair Site Pour Achat Cialis Amoxil Generic Vente Cialis 40mg

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031