» » КҮРІШШІ НҰРҒИСА

КҮРІШШІ НҰРҒИСА

Көктемнің алагеуім таңынан бастап күзгі салымға дейін дала төсіне себілген Сыр маржанын күтіп баптау әр күрішшінің мойнындағы міндет. Ана баласын қалай әлпештесе, күрішші де атыз, алқаптағы ақ маржанын солай аялап, өсіреді. Бала кезінен егіннің жайын жақсы білетін ауыл азаматының бірі – Нұрғиса Жаниязов.
Ол Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №4 өндірістік бригадасында ширек ғасыр еңбек етіп келеді. Озат майталман күріш баптаудың хас шебері. Егін шаруашылығына қосқан үлесі ескерусіз емес. Бірнеше мәрте аудан әкімдігі тарапынан марапатқа ие болса, 2010 жылы 40 гектар егіс алқабынан 85 центнерден өнім алғаны үшін ол аудан чемпионы атанды. Сондай-ақ басқа да жылдары өнім шығымын 60, 62 центнерден қайырып, табыс төрінен көрінуде. Тәжірибелі маман әркез жастарға үлгі. Саналы өмірінің 25 жылын егін шаруашылығына арнап келе жатқан дала қыраны биыл да өзіне бекітілген 41 гектар жерден 60 центнерден өнім алуды межелеп отыр.
– Күрішті егіп болған соң көктемде суға бастырамыз. Оны егінжайға орақ түскенше күтіп-баптаймыз. Суын қоямын. Оның өз әдіс-тәсілі бар. Күріш бітік шығуы үшін суын дұрыс қоя білу керек. Себебі мол өнімге қол жеткізуде судың маңызы зор. Яғни, күріштің шығымы берілген суына байланысты болады. Ал, биылға келсем, егін шығымы жақсы. Халқымызда «Балапанды күзде санайды» деген тәмсіл бар. Қазіргі көңіл-күй керемет. Ұйымдастыру жұмыстары да, еңбеккерлердің ауызбіршілігі де ойдағыдай, – дейді еңбек озаты.
Күз – береке мен мерекенің, ырыс пен несібенің айы. Егінжай мен қырман басында қызу қарбаластың қайнайтын кезі, тау-тау астықтың ел қамбасына құйылар шағы. Еңбек майталманының күн-түн демей тіршілік қылатын уақыты. Бір сөзбен айтқанда, бұл – еліміз үшін жауапты да шешуші кезең. Осынау кезеңде ақ күріштен шашау шығармай жинап алып, жауапты науқанға белсенділік таныту – әрбір азаматтың парызы. Көктемнен бастап еңбек көрігін қыздырып келе жатқан күрішші Нұрғисаның үстіміздегі жылы да толағай табыстарға жетеріне күмәніміз жоқ.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
13 қыркүйек 2018 ж. 2 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031